Cолтүстікқазақстандық криминалдық полиция қызметкерлерімен 80 жалған хабарландыру анықталды

Cолтүстікқазақстандық криминалдық полиция қызметкерлерімен 80 жалған хабарландыру анықталды

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері солтүстікқазақстандықтарды интернет арқылы қаржы операцияларын жасаған кезде аса сақ болуға шақырады. Алаяқтар айла-амалдарын үнемі жетілдіріп, ақша тартудың түрлі тәсілдерін қолданады. Петропавлда бірер күн бұрын екі ұқсас аялаяқтық тіркелді, екеуі де танымал OLX сайтымен байланысты.

Петропавл қ. Полиция басқармасының Екінші полиция бөліміне 27 жасар қала тұрғыны оның 12 мың теңгеден астам ақшалай қаражатын алдау арқылы иемденіп кеткенін айтып жүгінді. Әйел балалар қол арбасын сатпақшы болып, OLX тегін хабарландыру сайтына хабарландыру бергенін баяндаған. Көп кешікпей Қарағанды қаласынан әйел адам хабарласып, сатып алатындығын және тауарды Петропавлдан Қарағандыға жеткізу үшін OLX сайтындағы курьерлік қызметке жүгінуге болатындығын айтқан. Сатып алушы сілтемесін жіберген, сатушы болса, өз кезегінде, сілтеме арқылы өтіп, осылайша курьерлік қызмет үшін төлем жасап жатырмын деп, банк картасының деректемелерін толтырған. Көп ұзамай әйел алданғанын, оның үстіне карточкасынан ақшасы ұрланғанын түсінген.

Алаяқтар ұқсас сценарий бойынша облыс орталығының 33 жасар тұрғынының да 20 мың теңгесін иеленген. Қазіргі уақытта полицейлермен интернет-алаяқтарды анықтау бойынша жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров айтып кеткендей, Интернет-алаяқтардың құрбанына айналмау үшін қандай жағдай болмасын, ешкімге жеке мәліметтеріңізді: банк карталарыңыздың деректемелерін, жеке куәліктеріңізді бермеген жөн. Хабарландыру сайттары арқылы тауар сатып аларда тауардың бейне шолуын талап еткен дұрыс. Егер сіз интернет-алаяқтардың арбауына түсе қалсаңыз, тез арада «102» телефоны бойынша полицияға жүгіну қажет.

Көбіне солтүстікқазақстандықтар kolesa.kz, OLX сайттарын, сондай-ақ Instagram әлеуметтік желісін қолданған кезде желілік алаяқтардың құрбанына айналып жатады. Полицейлер, бөгде адамдарға карталарыңыздың пин-кодтарын, шот нөмірлеріңізді, онлайн-банкингтердің логиндер мен құпия сөздерін және әлеуметтік желідегі жеке аккаунттарыңызды атамауға кеңес береді. Сондай-ақ, мессенджер арқылы құжаттарыңыз бен банк карталарыңыздың, әсіресе сыртқы жағының суреттерін жібермеген жөн. Жыл басынан СҚО аумағында 308 интернет-алаяқтық тіркелген. Криминалдық полиция қызметкерлерінің интернет-сайттарына мониторинг жасау нәтижесінде 80 жалған хабарландыру анықталып, бұғатталды.