
«Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет», «азаматтардың сұраныстарына ықылас танытуға тиіс», - бұл мемлекет басшысының Жолдауында құқық қорғау органдарына қойылған талаптарының орындалуы азаматтардың алғыс білдірілген хаттарынан байқалуда. «…полиция қызметкерлерінің қозғалысты бөгей отыра, сиреналары қосылған қызметтік автокөлікпен өте шығатындарын жиі байқаймыз, мұндай жүрістің қандай жағдайда қаншалықты қажет екендігінің байыбына бара білмейтін кей азаматтарда жағымсыз көзқарас қалыптасады. Маған және бауырымның басына төнген жағдай кезінде көмекке келген жол полициясы қызметкерлерінің жұмысының маңыздылығына көзім жетті», - дейді электрондық үуімет порталы арқылы СҚО ПД бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевқа жүгінген солтүстікқазақстандық өз хатында.
Ер адам Петропавл қаласынан 60 шақырым жердегі Семипалатное селосында болған кезінде бауырының жүрек талмасы ұстағаны туралы айтқан. Уақыттың әр сәті қымбат болды, көлік құралдарының ағыны арасында, жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін қажетті жолдағы бағдаршамдар мен өзге де шектеулерден ауруханаға жетуге кешігу қаупі болған. «…қарсы бағытта борт нөмірі 0058 жол полициясының қызметтік автокөлігі қозғалып бара жатқанын көрген соң, көліктің шамын жағып белгі бердім, көлік тоқтады, көмек қажет екендігін айттым. Полицейлер шұғыл әрекет етіп, менің көлігіме ілесе жүре кедергісіз қозғалысты, уақыттың әр сәті мен адам өмірінің маңыздылығын қамтамасыз ете отырып, бауырымды ауруханаға жедел жеткізуге мүмкіндік жасады. Менің бауырым Виктор ажал аузынан аман қалып, бүгінгі күні жансақтау бөлімінен шықты, осы жағдайда көмекке келген жол полициясы қызметкерлері Серік Сейпиев пен Аман Қалиевқа зор алғыс білдіремін», - дейді Александр Кубасов.
«Тәртіп сақшылары шын мәнінде көмекке мұқтаж азаматтарға қолдау көрсеткені маңызды. Кез-келген жағдайда қызметтік әрі адамдық борышыңды ұмытпаған жөн, - бұл барлық жеке құрамға берілетін нұсқау», - деп тоқтала кетті алғыс хатпен танысқан СҚО полиция басшысы.
Айта кететін болсақ, бүгінде СҚО патрульдік машиналардың басым бөлігі құтқару құралдарымен, барлық қызметтік көліктер алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті дәрі-дәрмек қобдишаларымен жабдықталған. Полиция қызметкерлеріне тиісті заттарды бірнеше рет мақсатына қарай пайдалануына тура келген. Солтүстікқазақстандық полицейлер ондаған адам өміріне араша түсті.