Жыл басынан СҚО-да 514 пәтер ұрлығы тіркелді

Жыл басынан СҚО-да 514 пәтер ұрлығы тіркелді

Пәтерлерден, жеке үйлерден, кеңселерден, гараждардан ұрлау -тіркелетін мүліктік қылмыстардың басым бөлігін құрайды. Бұл ретте қылмыс орны камера назарына түспесе, куәгерлер болмаса, жәбірленушілер полицияға бірден жүгінбеген жағдайда, ұрлықты ашу белгілі уақыт пен ресурстарды қажет етеді. Полицейлер пәтер иелері сақтық танытқан жағдайда, пәтер ұрлығының бір бөлігін болдырмауға болатыны туралы атап өтті.
СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының ақпараты бойынша ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша 2019-2020 жылдарға арналған Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл бағдарламасының шеңберінде қабылданатын шаралардың арқасында пәтер ұрлығының санын 32%-ға, 756 фактіден 514-ке дейін төмендету мүмкін болды. Бүгінгі таңда СҚО-да ашылмаған 63 пәтер ұрлығы бар.

СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров қылмыстың бұл түрін алдын алуда учаскелік полиция инспекторларының үй-үйді аралауы, көшелерде жаяу жасақтардың және патрульдік полиция экипаждарының жүруі тиімді екенін атап өтті. Кезекшіліктегі қызметкерлер ұрылардың әрекетіне тоқсауыл болып, жедел уәкілдермен бірге қылмыскерлерді «ізін суытпай» ұстауға қатысады. Криминалдық және патрульдік полициямен қатар, пәтер ұрлықтарын ашуға жедел-криминалистикалық бөліністердің қызметкерлері де септігін тигізеді. Жыл басынан қылмыс орындарынан алынған аяқ киім мен бұзып кіру құралдарының іздері 50-ден астам пәтер ұрлығын ашуға көмектесті.

СҚО Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы полиция полковнигі Игорь Семеновтың айтуынша, пәтер ұрыларынан сақтану үшін кіреберіс есікке сувальдті, цилиндрлі құпиялық тетіктері бар түрлі жүйелердің сапалы құлыптарын қою қажет. Қылмыскерлердің өзімен бірге монтаждау құралдарын алып жүруі, шулап есіктегі бірнеше құлыпты бұзып, соған уақытын жұмсауы екі талай. Өкінішке орай, кез-келген құлыпты бұзып ашуға болады. Сонықтан бірнеше сапалы құлыпты пайдаланумен қатар, үйден шығар алдында терезелерді жабуға ұмытпаған жөн, сондай-ақ пәтерде сигнализацияның (пультпен күзет, кіреберіс есікті ашу датчиктері, қозғалыс датчиктері) болғаны да дұрыс. Сондай-ақ, үй подъездерінде домофон мен бейне бақылау камераларының болуы да алдын алуда аса тиімді. Ұрылар камераларға назар аударады. Көршілердің қырағылығы, мессенджерлердегі ортақ чаттар – мүліктік қылмыстардың нәтижелі профилактикасы болып табылады.