
9 айдың ішінде солтүстікқазақстандық полицияның бейнебақылау камераларының көмегімен 12 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Қылмыстардың бетін ашуға септігін тигізген 653 факті анықталды.
1300-ден астам камера полицейлерге күн сайын СҚО елді мекен көшелеріндегі қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін бақылауға көмек көрсетеді. Петропавл қаласында адамдар көп шоғырланатын жерлердегі және күрделі жол қиылыстарындағы жағдайды бейнебақылау инспекторлары, аудандарда – кезекші бөлім қызметкерлері тәулік бойы бақылайды. Олардың жедел әрекет етуі арқасында жыл басынан жүздеген қылмыстар мен мыңдаған құқық бұзушылықтардың жолы кесілді. Олардың ішінде - жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы, көшелер мен аулалардағы және оқу орындары маңайындағы жағдайды мониторингілеу, ұсақ бұзақылық және абаттандыру ережелерін бұзу фактілерін анықтау.
СҚО ПД Штабы бастығының орынбасары полиция полковнигі Бақытжан Әлібековтің ақпаратынша, Перопавл қ. Полиция бөлімі Жедел басқару орталығының (ЖБО) және аудандық полиция бөлімдері кезекші бөлімдерінің бейнебақылау камераларының көмегімен биылғы жылғы 9 айда 12 552 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде ЖҚЕ бұзу – 9434, ұсақ бұзақылық – 257, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу – 2520.
Бейнебақылау инспекторларымен жыл басынан он екі жарым мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде Перопавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонымен бірлесе, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін, тоғыз жарым мыңнан астам бұзушылық анықталды.
Қалалық полицияның ЖБО кезекші ауысымының міндеттеріне мониторингілеуден басқа көптеген бағыттар кіреді: инспекторлар күн сайын екі ауысымда қызметке түсетін патрульдік жасақтар мен автомобиль экипаждарының жұмысын қадағалап отырады.
Орталықта кезекшілер мен бейнебақылау инспекторларынан басқа «102» арнасының пульті орналасқан. 9 айдың ішінде «102» арнасына 89 929 хабарлама келіп түскен, оның үштен біріне жедел ден қою қажет болды. Шақыртулардың 1574-і - отбасылық-тұрмыстық қатынас саласындағы бұзушылықтар желісі бойынша.