
Наразы қалалықтар Солнечный кенті тұрғындарының белгіленбеген орындарға қоқыс шығарып төгетіндері туралы пост жариялады. Желі қолданушылары қоқыспен келген тракторды видеоға түсірген, трактор жүргізушісі видеоға түсіріп жатқанын байқап, ілгері жүріп басқа жерге тұрмыстық қалдықтарды төккен. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде анықталған аталған пост СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бөлімімен бақылауға алынды. Солнечный кентінде тұратын трактор жүргізушісі анықталды. Тұрмыстық қоқысты және тұрмыстық қалдықтарды жинап қоймаудан, уақтылы шығармаудан көрінген абаттандыру ережелерін бұзғаны, сондай-ақ ортақ пайдаланатын орындарды ластағаны үшін ҚР ӘҚБтК 434-2 бабы 1-б. бойынша 1989 жылы туған Солнечный кентінің тұрғыны әкімшілік жауапқа тартылды, яғни әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған өндіріс тәртібінде 5 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.
Петропавл қ. Полиция басқармасы ортақ пайдаланылатын орындарды, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін ҚР ӘҚтК 434-2-бабы және 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгенін ескертеді.
Жыл басынан облыс орталығында абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 3569 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ортақ пайдаланатын орындарды ластағаны және қоқыс тастағаны үшін 826 әкімшілік материал толтырылды.