СҚО-да күзет қызметкерлері 255 құқық бұзушылықты анықтады

СҚО-да күзет қызметкерлері 255 құқық бұзушылықты анықтады

Солтүстік Қазақстан облысында 111 жеке күзет агенттігі тіркелген. Олардың басым бөлігі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектеседі. Жеке күзет ұйымдарының 36 экипажы жеке фирма-операторлардың орталықтандырылған бақылау пультіне келіп түсетін дабыл белгілеріне ден қояды. Дабыл белгілері болмаған жағдайда өздерінің секторларын патрульдеумен айналысады, бұл көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алады.

Жыл басынан күзет құрылымдарының қызметкерлерімен 255 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 15 ұрлықтың жолы кесілді. «Күзет құрылымдарының қызметтерін пайдалану – үлкен профилактика. Фактілер көрсеткендей, заңға бағынбайтын кейбір азаматтар күзетке қарамастан заңды бұзудан тайынбайды. Мәселен, супермаркеттердің бірінде күзетшілер ұяшықтан пакетті ұрлаған ер адамды ұстады. Сондай-ақ, түнде қаскөйлер күзетілетін сауда орындарына түспекші болған. Күзеттің сигнализацияға ден қойып, уақтылы келуі айтарлықтай шығындардан сақтап қалды», - деді СҚО Полиция департаменті Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Руслан Даньяров.

Күзет қызметкерлері қаскөйлердің криминалдық әрекеттеріне жедел ден қояды, бұған мысал «Черный ястреб» агенттігі қызметкерлерімен бұзушыларды ұстау фактілері. 131 км саяжайда ер адам жемісті қолды қылмақшы болған. Енді бір жағдайда бұзақы Интернациональный көшесіндегі дүңгіршектің терезесін бұзған. Екі құқық бұзушы да ұсталып, полиция қызметкерлеріне тапсырылған.

Полиция мен күзеттің өзара іс-қимыл жасауының тағы бір бағыты - террористік тұрғыда осал объектілерде жағдайды қамтамасыз ету. Полицейлер заңнамамен бекітілген бұзушылықтарды болдырмау үшін арнайы сабақтарды өткізеді. Ортақ міндет – құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.