СҚО-да полиция автопатрулі суицидті болдырмады

СҚО-да полиция автопатрулі суицидті  болдырмады

Автопатрульдің шұғыл ден қоюы арқасында қайғылы жағдайдың жолы кесілді. 45 жасар ер адам жедел жәрдемге хабарласып, дәрігерлерге мәйттің болатынын айтқан. 103 диспетчері шұғыл полицияға хабарласқан. Мекенжайға Петропавл қ. ПБ ППБ автопатрулі құрамындағы полиция капитаны Нұрлан Тұрғынов және полиция лейтенанты Руслан Оразбаев жіберілді. Олар дер кезінде жеткен. Ер адам өзінің қала шетіндегі жатақхана бөлмесінде мойнына сым салып, өмірмен қош айтыспақшы болған. Үстелден жазған хаты табылды. Ол бірде-бір сөз айта алмай, ұзақ уақыт үнсіз отырды. Ішкі күйзелісімен бөлісуі үшін полицейлер онымен тілдеспекші болады.  Нұрлан Тұрғынов көршілерінің сөзіне қарағанда, бұндай әрекетке қарым-қатынастың аяқталуына байланысты жеке басындағы күйзеліс  түрткі болуы мүмкін екендігі туралы атап өтті. Қызметкерлер жалғыздықтан өмірін қимақшы болған қала тұрғынын тыныштандырып, жедел жәрдемді шақырды. Бір тәулік өткеннен кейін кезекшілікте болған оқиға туралы бөліскен полицейлер: «Шақыртуларда, әсіресе соңғы кезде ең жақын деген адамдар бір-біріне қолдау көрсетпей жататындарын көреміз. Барлық қиындықтар – уақытша. Күресіп, еңсені түсірмеу керек, өмірден қымбат ешнәрсе жоқ...» - деп атап өтті.

 

СҚО ПД баспасөз қызметі