Солтүстікқазақстандық полиция басшылығы жыл басынан 1122 азаматты қабылдады

Солтүстікқазақстандық полиция басшылығы жыл басынан 1122 азаматты қабылдады

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінде бірінші басшының және орынбасарларының азаматтарды жеке қабылдауы жалғасуда. Апта сайын облыстық Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев алдын ала жазылу бойынша азаматтарды қабылдайды.

Қауіпті індеттің таралуына қатысты енгізілген шектеу шараларына байланысты қабылдау «Азаматтарды қабылдау» алаңдарынан бейне қоңырау арқылы жүзеге асырылады, мұндай алаңдар өңірдің әрбір полиция бөлінісінде ұйымдастырылды. Күз басталғалы осындай форматта 39 азамат қабылданды, оның 23-ін Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаев, қалғандарын орынбасарлары қабылдаған. Соңғы қабылдауда облыстық полиция бастығына 7 адам жүгінді. Сұрақтардың басым бөлігі қылмыстық істерді тергеу, ІІО жұмысқа орналасуға қатысты болды. Марат Сағынтайұлына жүгінген азаматтардың барлығы тыңдалып, қойылған сұрақтарға қатысы бар қызметтер мен бөлініс басшыларына қажетті нұсқаулар берілді.

СҚО Полиция департаменті Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Динара Қожантаеваның ақпараты бойынша 9 айдың ішінде облыстық полиция ведомствосы басшылығының жеке қабылдауында 1122 адам болған, оның ішінде СҚО Полиция департаменті бастығы Марат Төлебаев 90 адамды қабылдаған, орынбасарлары – 42 адамды, қалғандарын қалалық және аудандық басқармалардың және облыстық полиция бөлімдерінің бірінші басшылары қабылдады. Облыстық полиция басшысына қабылдауға 8 (7152) 39-40-20, 39-41-63 телефоны бойынша жазылуға болады, қабылдау күні – сәрсенбі. Айта кетейік, қалалық және аудандық полиция бөлімдері басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі әкімшілік ғимараттардың фойелерінде орналастырылған. Сондай-ақ, СҚО ПД бастығы орынбасарларының байланыс нөмірлері – ведомствоның кіші порталында («Департамент туралы» бөлімі, «Құрылым» бөлігі: https://bit.ly/3noTpPy) жарияланды.