Петропавл қ. Полиция басқармасының қызметкерлері өз таныстарын алдау жолымен несие ресімдеген 22 жастағы петропавлдықты ұстады.
Алдау және сенімдеріне қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін ұрлау – алаяқтармен жасалатын ең айлалы, әккі деген қылмыстарға осындай заң термині қолданылады. Жас айбарлы жігіт интернет арқылы қыздармен танысып, олармен романтикалық қарым-қатынас орнатып отырған. Таныстықтың соңы, Петропавлдағы көптеген несие беру ұйымдарында қалаулы жігіттің несие ресімдеуімен аяқталып отырған.
СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров нақтылағандай, Петропавл қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен 22 жастағы бұрын сотталмаған Петропавл қаласының тұрғыны анықталып ұсталды. Күдікті жәбірленушілерді алдау және сеніміне кіру жолымен олардың жеке деректерін, жеке сәйкестендіру нөмірі, банктік есептік нөмірі арқылы 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейін қаржы алуға болатын шағын қаржы компанияларынан несие алған. Күдікті ақша қаражатын алғаннан кейін жасырынып байланысқа шықпаған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ер адамның бірқатар оқиғаларға қатыстылығы анықталды. Күдіктінің тағы бірнеше таныстарына несие ресімдегені анықталды. Ол өз қылығынан еш ұялмаған, тіпті банктер мен шағын несие ұйымдарына туыстарын да қарызға батырған.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты үйқамаққа алу түріндегі шара қолданылды. Полицейлер, қандай жағдай болмасын, бөтен адамға банк карталарыңызды, жеке куәліктеріңізді, басқа да құпия ақпараттарды бермеуді ұсынады.
