
Соңғы 5 жылда Солтүстік Қазақстан облысында 213 адам жол апатынан қайтыс болып, 1433 адам жарақат алды. Бұл қайғылы статистика туралы Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері студенттерге айтып берді. Полиция қызметкерлері ZOOM қосымшасы арқылы Солтүстік Қазақстан кәсіптік педагогикалық колледжінің студенттерімен байланысқа шықты. Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері жолдарда тәртіпті жақсартуға үміттене отыра, фактілер мен цифрларды қолдана, жол қозғалысына қатысушы жастардың назарын аударды. «Көбінесе жол-көлік оқиғалары жол ережелерін бұзудан болып жатады, кей кездері ауа райы, техникалық ақаулар және басқа да күтпеген жағдайлардан орын алады. Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушілер жылдамдықты арттыру, қарсы жолаққа шығу, алкогольдік масаң күйде көлік жүргізу сияқты бұзушылыққа жол беретінін талдау көрсетіп отыр», - дейді СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы Азамат Жамұқов.
Биыл Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 21 кәмелетке толмаған бала жарақат алды. Дәріс беруші жаяу жүргіншілер тарапынан да тәртіп бұзу болып тұратынын баса айтты. Жыл басынан бері жолдың белгіленбеген жерінен өткені үшін 4 мыңнан астам жол ережесін бұзу анықталды. Бұл ҚР ӘҚтК 615-бабымен 5 мың теңге айыппұл салуды көздейді. Барлығы 9 айда Солтүстік Қазақстан облысында жаяу жүргіншілерді соғып кетудің 35 фактісі тіркелді. Сондай-ақ, полиция капитаны студенттердің назарын велосипедшілерге, мотоцикл жүргізушілердің ережелеріне аударып, оларды жол қозғалысының кішкентай қатысушылары жүретін жерлерде әсіресе мұқият болуға шақырды. «Балалар күтпеген жерден жолға шығып, жолда ойын ойнап, жақындап қалған көліктің алдынан өте шығулар мүмкін», - деді Азамат Жамұқов.
Сабақ қозғалысты реттеуші адамның қимылдарын қайталаумен аяқталды. Өкінішке орай, жол қозғалысына қатысушылардың барлығы бірдей реттеушінің ережелерін біле бермейді.