СҚО полицейлері 4000 астам иіс сақталған одорологиялық базаны жинақтады

СҚО полицейлері 4000 астам иіс сақталған одорологиялық базаны жинақтады

Солтүстік Қазақстан облысының ПД Жедел-криминалистикалық басқармасында иіс базасы жинақталды, онда 4 мыңнан астам объекті сақталған. Қазір басқарма, сондай-ақ СҚО ПД Кинологиялық қызмет орталығы базасында одорологиялық зерттеулерге биологиялық детекторлар ретінде қолдану жоспарланған екі арнайы ит дайындықтан өтуде.

СҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының бастығы полиция полковнигі Игорь Семеновтің айтуынша, одорология – бұл иістерді зерттейтін ғылым. Бірнеше бағыттары бар: медициналық, психологиялық, криминалистикалық. Полицейлер негізінен соңғы түрімен жұмыс істейді. СҚО-да иістің деректер базасы 2009 жылдың басында құрылды. Қазіргі уақытта 4025 объекті жиналды. Иістерді сақтау қоры құрылғаннан бастап, оң нәтижелі 197 зерттеу жүргізілді. Бүгінде СҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасында иттердің қатары күшіктермен толығуына байланысты, бұл зерттеулер уақытша өткізілмейді, бұрынғы детектор иттер Голда мен Росси  жас шамасына қарай бұл жұмыста қолданылмайды. Сондықтан қазіргі уақытта одорологиялық зертхананың базасында екі арнайы итті – екі жасар орыс спаниелі Дэйзи және үш жасар неміс овчаркасы Альфаны үйрету бойынша сабақтар жүргізіледі. Жануарларға СҚО Полиция департаменті Жедел-криминалистикалық басқармасының криминалисі полиция капитаны Талғат Мусипов және СҚО Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының кіші инспектор-кинологі полиция кіші сержанты Николай Железнов бекітілген. Өткен жылдың мамыр мен тамыз айлары арасында олар аталған бағыт бойынша Алматы қ. ҚР ІІМ Кинологиялық қызмет орталығында үйретуден өтті. Иттер қабілеттерін көрсетіп, дағдыларын іс жүзінде қолдануға үйренсе, оларды бірден тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде биодетекторлар ретінде пайдалана бастайды.

 СҚО Полиция департаменті Кинологиялық қызмет орталығының ақпараты бойынша жыл басынан облыста арнайы және із алушы иттер 489 рет,  оның ішінде есірткі қылмысы бойынша 163 рет қолданылды. Нәтижесінде төрт аяқты көмекшілер арқылы 323 кг астам түрлі есірткі заттары алынды. Сондай-ақ, иттердің көмегімен облыс полицейлері жыл басынан 18 тонау мен 354 ұрлықты ашты.

Мәдина Балғашоқова, СҚО ПД баспасөз қызметі