
СҚО Полиция департаментінің әлеуметтік желілерінде екі апта бұрын «Сізбен бірге тарих сыр шертеді» атты жаңа жоба бастау алды. Әлеуметтік желілер аккаунттарына Солтүстік Қазақстан полициясының қалыптасу тарихынан сыр шертетін суреттер орналастырыла бастады. Облыстың жедел бөліністерінің қызметкерлері бұл жобаға жан бітірді. Солтүстікқазақстандық жедел уәкілдер арнайы осы жобаға тыңшылар туралы «Место встречи изменить нельзя» атты танымал фильмнен көріністер арнады. Облыстың жедел бөліністерінің қызметкерлері «Сізбен бірге тарих сыр шертеді» айдарында Станислав Говорухиннің 5 бөлімнен тұратын «Место встречи изменить нельзя» атты фильмінен ұмытылмас кадрларды жаңғыртты. Ағайынды Вайнерлер романының желісі бойынша түсірілген фильм сценарийі халық арасында цитаталармен тарады, ал сериал кадрларын еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін жақсы біледі. Дәл осы кадрлар СҚО ПД Криминалдық полиция және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармаларының қызметкерлерімен жасалған фотогалереяға негіз болды. «Жедел жұмыс жағдайында бұндай сәттерге уақыт табу қиын. Осындай өзгеше тимбилдингке әлеуметтік желілерде қолданушыларымызбен жүргізілетін жұмыс мотивация болды. Қызметкерлерімізден болған жанды кейіпкерлермен танымал сериалдың ұмытылмас кадрларын түрлендіргіміз келді. Уақыт табу оңай болмады, қатал сынға алмауларыңызды сұраймыз...», - дейді СҚО ПД КПБ бастығы полиция полковнигі Петр Климов.
Сондай-ақ, ведомство аккаунттары «Улица разбитых фонарей» атты келесі бір танымал сериалдың кадрларымен де толықты. Оны СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы облыстық аппаратының ұжымы әзірледі. «Фотогалереяны әзірлеу барысында фильмді қайта қарап, осындай көркем фильмдердің құқық қорғау органдарының имиджін көтеретініне кезекті рет көз жеткіздік. Олар қылмыстарды ашу туралы ғана емес, сондай-ақ адамдардың тағдырлары жайлы, қызметкерлеріміздің ауыр жұмыс күндері туралы ойландырады...», - дейді СҚО ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев.
https://vk.com/wall-55111848_8102
https://vk.com/wall-55111848_8101
https://vk.com/wall-55111848_8098
https://vk.com/wall-55111848_8097
https://vk.com/wall-55111848_8096