Еліміздің ІІМ жүйесінде солтүстікқазақстандық полиция музейі топ жарды

Еліміздің ІІМ жүйесінде солтүстікқазақстандық полиция музейі топ жарды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың дипломы және грамотасымен ведомстволық музейлер арасында өткен байқауда бірінші орынды иеленгені үшін СҚО ПД музейінің меңгерушісі Любовь Андреевна Осинская марапатталды.

Марапаттау салтанаты облыстың полиция басқармалары мен бөлімдері басшыларының қатысуымен аппараттық кеңес басталғанға дейін өтті. Наградаларды табыстай отыра, Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев ұрпақтар тәжірибесін жеткізу мен қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің бірегей арқауы ретіндегі музейдің ерекше маңыздылығына тоқтала кетті. Оның қабырғасында жас қызметкерлерге алғашқы қызметтік куәліктерін, атақтарын табыс ету игі дәстүрге айналды, сондай-ақ музейде қызметте ерекше көзге түскен полицейлерге құрмет көрсетіледі. Музей экспозициялары мен сөрелерінің толтырылуы, безендірілуі мен күтімі – тек күнделікті мұқият еңбекті ғана емес, тарихты білуді талап етеді. Жетістіктің басты жемісі – бұл полицей мамандығына деген сүйіспеншілік, таңдаған ісіңе ұқыпты әрі адал қарау. Мұның бәрі байқаудағы үздіктерді таңдау кезінде ҚР ІІМ басшылығының берілген лайықты бағасы.

СҚО полиция музейінің негізі 1989 жылы қаланды, түрлі жылдарда облыстық ІІБ мен қалалық полиция бөліністерінің әкімшілік ғимараттарында экскурсияға келушілерді қабылдады. 2012 жылы музей Қазақстан конституциясы көшесі, 70 мекенжайындағы СҚО Полиция департаменті әкімшілік ғимаратының бірінші қабатына көшті. Қорға ішкі істер органдарының 18 ғасырдың соңы мен бүгінгі тарихы туралы баяндайтын 4 мыңнан астам экспонат жиналды. Соңғы бес жылдан бері музей қару бөлмесі жұмыс істейді, онда атыс қаруы, газ және травматикалық қарудың 100-ге жуық түрі бар.

Любовь Осинскаяның айтуынша, биыл карантин шараларын енгізгенге дейін музейде 450 адам экскурсияда болған. Негізінен олардың дені жастар: мектеп оқушылары, студенттер, жас полиция қызметкерлері. Санитарлық талаптар күшейтілгеннен кейін, музей жұмысы онлайн форматына көшті. Әлеуметтік желілердегі СҚО ПД ресми парақшаларында музейдің қызықты экспонаттары туралы бейнероликтер мен фоторепортаждар үнемі жарияланып тұрды. Instagram мен Facebook арналған эксклюзивті ақпарат пен контентті іздеу және дайындаумен музей меңгерушісі Любовь Осинская мен музей қорын сақтаушы Нина Бенграфпен қатар, СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің қызметкерлері де айналысады. Қыркүйек айының басында ведомстволық пабликтердің парақшаларында мына хэштегтермен: #SQO_PD_сізбенбіргетарихсыршертеді; #SQO_PD_свамиговоритистория жаңа айдар жарық көрді, онда күн сайын туған өлкенің тәртіп сақшыларының бай тарихы жайлы сыр шертетін сирек кездесетін суреттер жарияланады.