Петропавлда бес волонтер облыстық полиция бастығының алғыс хаттарымен марапатталды

Петропавлда бес волонтер облыстық полиция бастығының алғыс хаттарымен марапатталды

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевтың алғыс хаттарымен Петропавл қаласы Полиция басқармасы жанындағы волонтерлер жасағының бес мүшесі марапатталды.

Марапаттау салтанаты облыстың ірі полиция бөлінісі – Петропавл қаласы Полиция басқармасының плацында өтті. Бағыт-бағдар, нұсқаулар, тапсырмалар сынды – кешкі кезекшілікке түсетін тәртіп сақшыларының күнделікті нұсқамалығынан кейін, аз уақытқа созылған әсерлі шара өтті. Патрульдік полицейлер мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінің қошеметімен қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатов бес волонтерге: Алина Дружинаға, Лариса Зуеваға, Ксения Томиловаға, Александра Алинаға және Сәбит Болатовқа СҚО ПД бастығының алғыс хаттарын табыс етті.  Олардың әрқайсысы соңғы айларда полицияның көмекші жасағының құрамында қиын да құрметті қызметте еңбек ете отыра, ерекше көзге түсті. Волонтерлер жасағының командирі, ішкі істер органдарының ардагері Петр Аксеновтің айтуынша, балалардың көмегі ТЖ және карантин кезінде барлық гигиеналық нормаларды сақтай отырып, қала бойынша жалғызбасты петропавлдықтарға емханадан рецептілерді таратуда ерекше байқалды.

Қалалық Полиция басқармасы жанындағы Волонтерлер жасағы 2020 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істейді, оның құрамында 60 астам адам бар. Негізінен, олар - оқушылар, студенттер мен қала колледждері мен университетті аяқтаған түлектер. Соңғы 9 айда олардың қатысуымен полицейлер 46 қылмыстың бетін ашып, қылмыстарды жасауда күдікті            56 адамды ұстады. 825 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 845 құқық бұзушы Полиция басқармасына жеткізілді. 

Облыстық полиция ведомствосының басшысы полиция полковнигі Марат Төлебаев волонтердің көмегі маңызды екендігін және әрдайым байқалып тұратындығын, балалардың көп уақытын учаскелік полиция пункттеріне арнайтындығын, санитарлық нормаларды бұзушылықтардың алдын алу бойынша арнайы акциялар өткізу барысында жаднамалар мен жеке қорғаныс құралдарын таратқанын атап өтті. Қалалық ПБ жанында жұмыс істейтін белсенділерден бөлек, 24/7 режимінде із-түссіз жоғалғандарды іздеуде солтүстікқазақстандық жедел уәкілдерге "Lider.kz" (@volonterypetropavl) сынды волонтерлер қозғалысы, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жасауда «Қамқор» клубы және тағы басқалар көмегін тигізуде.   

СҚО ПД баспасөз қызметі