
Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде Президент К. Тоқаев қылмыспен күрес саласын дамыған елдер тәжірибесі бойынша жаңғырту қажет екенін атап өтті. Осы орайда өкілеттіктердің ара жігі нақты ажыратылған үш буынды модель құру керек деп ұсынылды. Полиция қылмысты анықтап, оған қатысы бар адамдарды тауып, айғақ жинап, оны тиянақтап беруге тиіс. Прокурор жиналған дəлелдемелерге тəуелсіз баға беруге, азаматтар құқығын бұзудың жолын кесуге, кінəсіз адамдардың қылмыс үдерісіне тартылуына жол бермеуге, сотта айыптау жағын қолдауға міндетті. Сот істі қарайды жəне іс бойынша ақтық үкім шығарады.
1 қазаннан елімізде «Қағаз түрінде тергелетін істер бойынша жеке процессуалдық шешімдерді электронды енгізу бойынша» пилоттық жоба іске қосылды. Жағымды жақтары - уақыт үнемделеді және процессуалдық шешімдер жылдам қабылданады, тергеушімен қабылдаған шешім бірден келісуге қадағалаушы прокурорға келіп түседі, ол өз кезегінде келіседі немесе бас тартады.
СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Еңбек Сембин: «Пилоттық жобаға сәйкес прокурор сотқа дейінгі тергеу басынан қылмыстық қудалау органымен қабылданатын негізгі процессуалдық шешімдерді келіседі, бұл қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз етеді және біркелкі тергеу, сот практикасын қалыптастырады».
Мамлют ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері пилоттық жоба аясында қылмыстық іс бойынша процессуалдық шешім қабылдап, қылмыстық-процестік заңнаманың жаңашылдығын өңірде алғаш рет іс жүзінде қолданды.
Аудандық полиция бөліміне Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасының бастығы Нұрлан Нұрсейітов, Мамлют ауданының прокуроры Қайрат Ермекбай, сондай-ақ СҚО ПД өкілдері барды. Қылмыстық қудалау органының және қадағалаушы прокуратураның пилоттық жобаны енгізу бойынша ұйымдастырылған бірлескен жұмысы нәтижесінде бөтеннің мүлкін ұрлау жөніндегі қылмыстық іс бойынша түпкілікті заңды процессуалдық шешім қабылданды.
СҚО ПД баспасөз қызметі