СҚО-да масаң күйде көлік басқарғаны үшін 549 жүргізуші қамауға алынды

СҚО-да масаң күйде көлік басқарғаны үшін 549 жүргізуші қамауға алынды

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан масаң күйде көлік басқарғаны үшін 549 жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды. Оның үстіне, олар жеті жылдан кейін ғана көліктерін басқара алады. «Мас жүргізушілер – жолдағы қауіп көзі. Бұл жол жүрісі қағидасының өрескел бұзушылығы, оны жасағаны үшін биылғы жылғы қаңтардан заңнамамен қамауға алу және басқару құқығынан жеті жылға айыру жазасы қарастырылған. Жазаны қатаңдатудың мақсаты – жүргізушілердің сана-сезімдерін нығайтып,  жауапкершіліктерін арттыру, жолдағы осындай фактілерді азайту», - деп атап кетті СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев. СҚО-да биылғы жылы масаң күйде көлік басқару фактілерінің 30 пайызға төмедегенін атап кеткен жөн.

Солтүстікқазақстандық полицейлер 1 қазаннан «Мас жүргізуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс жүргізуде. Бұл күндері жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзушылықтарын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар күшейтілді. 4 күн ішінде өңірімізде 42 жүргізуші масаң күйде ұсталды. 14 солтүстікқазақстандық жүргізуші басқару құқығынан айырыла тұра көлігін тізгіндеген. Енді олардың 140 мың теңгеден астам айыппұл төлеулеріне тура келеді немесе 10 күнге қамауға алынады. Полицейлер, ұқсас құқық бұзушылықтар жасағаны үшін бұрын басқару құқығынан айырылған мас жүргізушілерге заңнамамен қылмыстық жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді. Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан осындай 68 факті анықталып, 30-дан астамы сотталды. Олардың барлығы басқару құқықтарынан өмір бойына айырылды.

СҚО ПД баспасөз қызметі