СҚО полицейлерімен отбасылық тұрмыс саласында 1400 астам құқық бұзушылық тіркелді

СҚО полицейлерімен отбасылық тұрмыс саласында 1400 астам құқық бұзушылық тіркелді

Төрт күн ішінде солтүстікқазақстандық полицейлермен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 152 фактісі анықталды. Қазанның 1-і мен 4-і аралығында  өткізілген «Тұрмыс» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасына жергілікті полиция қызметінің 500 шақты қызметкері жұмылдырылды.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу – «Тұрмыс» операциясының негізгі мақсаты. Қалалық полицейлер рейдтерге мұқият дайындалды: алдын ала учаскелік полиция инспекторлары мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөліністерінің байланыс нөмірлері бар буклеттер әзірленді. Профилактикалық әңгімені жүргізе отыра, буклеттерді тарату - дәстүрлі түрде өткізілетін аталған жедел-профилактикалық іс-шарасының ерекшелігі.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматовтың айтуынша, «Тұрмыс» іс-шарасы барысында тұрғылықты жері бойынша 2421 есептегі адам тексерілді. Бұл тізімде маскүнемдікке шалдыққан 1400-ден астам адам мен 187 нашақор бар. Сонымен қатар, 297 тұрмысы төмен отбасы тексерілді. Төрт күн ішінде облыста тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 152 фактісі тіркелді, оның 74 фактісі кезекші бөлім мен учаскелік полиция пункттеріне келіп түскен хабарлама, 78-і полицейлерді аула бойы тексеру кезінде анықталған факті. Барлық фактілерге полицейлер жедел ден қойды. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ақпаратынша, 9 айда облыс аумағында отбасы-тұрмыстық қатынас саласында 1491 құқық бұзушылық тіркелген. 127 адам маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберілді. Полиция тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдар әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшеге, өздерінің учаскелік инспекторына, немесе тәулік бойы жұмыс істейтін «102» нөміріне жүгінуге болатынын естеріңізге салады.

СҚО ПД баспасөз қызметі