Полицейлер Петропавл орталығындағы дәмхана кассасынан ақша ұрлаған күдіктіні ұстады

Полицейлер Петропавл орталығындағы дәмхана кассасынан ақша ұрлаған күдіктіні ұстады

Петропавл қ. Екінші полиция бөлімінің қызметкерлері дәмхана кассасынан ақша ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.
Полицияға «Креветка» дәмханасының әкімшісінен шамамен сағат 18.25-те белгісіз қылмыскер кассадан 126 мың теңгені ұрлағаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орны жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен тексерілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен бұрын қарақшылық үшін сотталған Петропавл қаласының 27 жастағы тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Бұл ұрлықты ашуға криминалистер зор үлес қосты.
Жауап алу кезінде ер адам кассадан ақша ұрлағанын растады. Сол күні ол дәмханаға екі танысымен барған. Барда ешкімнің болмағанын байқап, кассадағы ақшаны қолды қылады. Дәмханадан шығып, қаражатты қажетіне жұмсаған, алайда, көп ұзамай полицейлер оны қолға түсірді.
Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Сыздықовтың айтуынша, қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Істің мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде.