СҚО полицейлері петропавлдықтан telegram-канал арқылы сатып алған героин тәркіледі

СҚО полицейлері петропавлдықтан telegram-канал арқылы сатып алған героин тәркіледі

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері аса ірі көлемде есірткі сатты және сақтады деген күдікпен Петропавл қаласының тұрғынын ұстады. 49 жастағы азаматтан 36 грамнан астам героин тәркіленді.

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тұрғылықты жерінде бұрын сотталған облыс орталығының тұрғынын ұстады. Оның үйінен қызметтік-іздеуші ит есірткі заты бар полимер пакетін тапты. Сараптама оның 32 грамм героин екенін анықтады. Сондай-ақ, жедел іс-шаралар аясында одан есірткі заттары бұған дейін сату кезінде тәркіленген болатын.

«Тексеру жұмыстары күдіктінің Телеграмм мессенджері арқылы есірткі сатып алғандығын анықтауға мүмкіндік берді. Онлайн-төлем жасағаннан кейін ол хабарламада көрсетілген жерден ұнтақты алып жүрген. Героиннің бір бөлігін өзі пайдалану үшін, ал екінші бөлігін одан әрі сату үшін алған», - деді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында барлығы 36,82 грамм героин тәркіленді. Сақтау және сату фактілері бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған адам қамауға алынды. Қазір есірткімен қамтамасыз ету арнасын анықтау бойынша шаралар қабылдануда.