Солтүстікқазақстандық полицейлер қауіпті індеттің таралуын болдырмауға қатысты карантиндік шектеулердің бұзушылықтарын ескерту бойынша жұмысты жалғастыруда. Облыс аумағында ондаған топтар жұмыс істейді, оның құрамында учаскелік полиция инспекторлары, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөліністерінің мамандары, прокуратура және әкімдік қызметкерлері. Рейдтер барысында полицейлер СҚО Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 21 тамыздағы және 18 қыркүйектегі қаулысын басшылыққа алады.
СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, қыркүйек басталғалы аумақтық мобильдік мониторингі топтарымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша 91 бұзушылық, оның 20-сы облыстың ойын-сауық орындарында анықталды. Жиналған материалдар тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөліністеріне жіберілді.
Жергілікті полиция қызметі басқармасында рейдтер тек Петропавл қаласында ғана емес, 13 ауданда да жүргізілетіні туралы атап өтті. Мәселен, соңғы екі айда Мамлют ауданында учаскелік полиция инспекторымен халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы саласында бірден үш бұзушылық анықталды. Соңғы факті Мамлютка аудан орталығынан 25 км жердегі Искра ауылында тіркелді. Ауыл тұрғыны отбасылық мерекені атап өту үшін үйіне қонақ шақырған. Нәтижесінде үй иесіне ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша хаттама толтырылды, баппен 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл көзделген.
Бұл ретте СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев рейдтер кезінде полицейлер гигиеналық нормативтердің бұзылуын ескертуге баса назар аударатынын атап өтті. Дүкен, дәмхана, сауна және басқа да объектілердің иелерімен бетперделерді тағу, қолғаптарды пайдалану, сондай-ақ кіреберісте міндетті түрде санитайзерлердің болуы туралы әңгімелер жүргізіледі. Жаздың ортасынан солтүстікқазақстандық полицейлер ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша 1369 құқық бұзушылық анықтады, 1281-і бойынша материалдар ары қарай хаттама ресімдеу үшін облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді.
СҚО ПД баспасөз қызметі
