
Пайдалы өткен күндердің бағдарламасы сертификаттар мен естелік фотоальбомдарды тапсыру рәсімімен аяқталды. Салтанатты жағдайда Академия бастығы полиция полковнигі Ақынқали Дәрменов Полиция департаменттері басшыларының орынбасарларын оқу-жаттығу жиындарының аяқталуымен құттықтады, сондай-ақ ұзақ мерзімді жоспарлар мен бастамаларды жүзеге асырудағы бірлескен жемісті ынтымақтастықтың жалғасатынына сенімді екенін атап өтті.
«Кездесудің бұл форматы оң нәтиже берді деп үміттенемін. Сіздер пайдалы білім алдыңыздар, тәжірибе алмастыңыздар, құқық қорғау органдарын реформалаудың және сотқа дейінгі өндірісті модернизациялаудың өзекті мәселелерін талқыладыңыздар. Сіздер осы үш күн ішінде біздің курсанттарымызбен - болашақ тергеушілермен кездесіп, олармен өздеріңіздің білімдеріңіз және өмірлік тәжірибелеріңізбен бөліскендеріңіз мен үшін өте маңызды. Курсанттар сіздерден үш деңгейлі қылмыстық іс жүргізу жүйесіне көшу моделі, қазіргі қылмыстық істерді тергеу практикасы туралы алынған ақпаратқа үлкен құрметпен қарап, қызығушылықпен тыңдады», - деп академия бастығы оқу-жаттығу жиындарын қорытындылады.
Кездесуге қатысушылар өз кезегінде Академияның басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамына жиын сабақтарын жақсы ұйымдастырғаны және еліміздің аңызға айналған ведомстволық оқу орынында жылы қабылдағаны үшін алғыс білдірді.