Петропавл қаласындағы Жедел басқару орталығында полицейлер заң бұзушылықтарды экскурсияға келгендердің көзінше анықтады

Петропавл қаласындағы Жедел басқару орталығында полицейлер заң бұзушылықтарды экскурсияға келгендердің көзінше анықтады

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде жұмыс күні Қазақстан полициясы күніне арналған бір минут үнсіздіктен басталды. Қызметтік міндетін атқарған кезде қаза тапқан әріптестердің рухына тағзым етіп, мемориалға гүл шоқтарын қойды.

Мерекеге орай тәртіп сақшылары Ашық есік күнін өткізді. ПД әкімшілік ғимаратының алдында қызметтік автокөліктер, қару-жарақ пен арнайы құралдардың үлгілері қойылған стендтер мен макеттер көрсетілді. Бұл қонақтарға Заң мен Тәртіп күзетіндегі қызметтің мән-жайын көзбен көруге мүмкіндік берді.

Басты қонақтар – балалар мен жасөспірімдер болды. Олар полицейлердің жабдықтарын киіп көріп, заманауи техникамен танысып, қызметтік иттермен суретке түсті.

Ниет білдіргендер СҚО ПД музейіне экскурсия жасап, онда ұсынылған ерекше жәдігерлермен танысты. Сонымен қатар Петропавл қаласы полиция басқармасының Жедел басқару орталығына барды.

ЖБО – тәулік бойы жұмыс істейтін бөлініс. Мұнда «102» мобильдік қосымшасы мен арнасы арқылы келіп түскен хабарламалар қабылданып, қылмыстық әрекеттерден азаматтарды қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін қызметкерлерге нұсқаулар беріледі.

Экскурсия кезінде балалардың көзінше екі жүргізушінің көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланғаны анықталды. Орталықтан дереу нұсқау берілді: «Патруль, мына нөмірлі «Lexus»-ты тоқтатыңыз», «Патруль, қабылдаңыз: мына нөмірлі «Toyota» – жүргізуші телефон ұстап отыр». Жолға зейін қоймаса, салдары ауыр болуы мүмкін. Екі жүргізуші де сол сәтте әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жайтты экскурсияға келген жас қонақтар ЖБО мониторларынан бақылап тұрды.

Полицейлердің айтуынша, мұндай экскурсиялар жасөспірімдердің құқықтық санасын қалыптастыруға, азаматтық ұстаным және Заң мен Тәртіп идеологиясына құрметпен қарау сезімін дамытуға ықпал етеді.