
Солтүстікқазақстандық учаскелік полиция инспекторлары өздерінің байланыс нөмірлерін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратуда. Жергілікті полиция қызметі бөліністері еліміздің аумағында 7 қыркүйекте бастау алған «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жұмыс жүргізу үстінде. Іс-шараның басты мақсаты - әрбір солтүстікқазақстандықтың өзінің учаскелік полиция инспекторымен танысуы. Өңірдегі қоғамдық тәртіпті күнде 289 учаскелік полиция инспекторы сақтайды. 97 учаскелік инспектор Петропавл қ. қызмет көрсетеді. Халыққа ыңғайлы болуы үшін қалалық тәртіп сақшылары жұмыстың жаңа әдісін пайдалануда: өздерінің учаскелік пункттерінің мекенжайлары мен телефондарын әлеуметтік желілердегі аккаунттарға орналастырып, WhatsApp мессенджерлеріндегі көршілердің топтары мен чаттарына байланыс ақпаратын жіберу үшін сілтемелерін ПИК төрағаларына жібереді.
Сондай-ақ, адамдармен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін облыс орталығының полицейлері телефон арқылы байланыс орнатты: қалалық учаскелік полиция инспекторларының жұмысына жауап беретін орталықтың, бірінші және екінші полиция бөлімдерінің жергілікті полиция қызметтерінің бастықтарында ұялы жұмыс телефондарының нөмірлері бар, оларға стационарлық аппараттан тегін қоңырау шалуға болады. Айта кететін болсақ, қаладағы жергілікті полиция қызметі бөліністері бастықтарының жұмысына – Петропавл қ. Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин жетекшілік етеді, оның WhatsApp (+7-708-432-46-00) нөміріне де жазуға болады. Байланыс телефондары бар ақпаратты Facebook Instagram ведомстволық парақшаларының лентасында танысуға болады.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, «Учаске» операциясы басталған кезде облыс полицейлері 3593 пәтер мен 12566 жер үйді аралап шықты. 376 жалдамалы пәтер тексерілді. Тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарында түрлі есепте тұрған 1100 астам адам, оның ішінде 165 тұрмысы төмен отбасы тексерілді. 1044 атыс қаруы иесі тексеріліп, қару сақтау қағидаларын бұзудың 17 фактісі анықталды. Әр түрлі құқық бұзушылық жасағандары үшін «Учаске» іс-шарасының басында 1126 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, толтырылған хаттамалардың көбі отбасы-тұрмыстық қатынас саласында жасалған құқық бұзушылықтарға қатысты болды. «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы 1 желтоқсанға дейін жалғасады.