Алимент төлемей жүрген азаматты СҚО полицейлері РФ-ның Омбы қаласынан іздеп тапты

Алимент төлемей жүрген азаматты СҚО полицейлері РФ-ның Омбы қаласынан іздеп тапты
СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері борышкерлер мен алимент төлемеушілерді іздестіру бойынша акция өткізуде. Үш күн ішінде іздеудегі 13 адамның жүрген жерлері анықталды. Уәлиханов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Омбы қаласында 36 жастағы алимент төлемеушіні анықтады. Кәмелетке толмаған ұлына қамқорлық жасау жайлы ұмытқан ер адам 2018 жылдан іздеуде болған. Бұл жайлы ақпарат сот орындаушыларына жіберілді, олар алдағы уақытта берешекті өндіріп алу үшін шара қабылдайтын болады. «Іздеудегі тұлғаның басқа мемлекетте жүргені туралы ақпарат алғаннан кейін, оған мемлекетаралық іздеу жарияланады. Ол жерге бағыт-бағдар мен іздестіру тапсырмалары жолданады», - деді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы Еділ Қазиев.

Барлығы үш күннің ішінде балаларын асырауға ақша төлемей жүрген 7 адам анықталды, оның ішінде 5-уі – борышкерлер, бір адам туыстық байланысын жоғалтқан.

Жамбыл ауданының полиция бөліміне Украинское ауылының тұрғыны жүгініп, екі жыл бойы жиенінің қайда жүргенін білмейтінін айтқан. Тәртіп сақшылары оны Петропавл қаласынан анықтап, оған туыс апасының іздеп жүргенін хабарлады және байланыс мәліметтерін табыстады.

Бүгінгі таңда іздеу жарияланған 16 адам алимент төлемеушілердің тізімінде. Сондай-ақ Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері 32 борышкер мен туыстық байланысын жоғалтқан 17 адамды іздестіруде.
Всего за три дня установлено местонахождение 7 человек, не выплачивающих на содержание детей, 5 должников и один человек, который утратил родственные связи. В ОП Жамбылского района обратилась жительница села Украинское, которая два года ничего не знает о местонахождении своего племянника. Полицейские установили, что он находится в Петропавловске, и передали ему контакты родственницы, которая его разыскивает.

На сегодняшний день в списках злостных неплательщиков алиментов, объявленных в розыск, 16 человек. Также сотрудники Управления миграционной службы разыскивают 32 должника и 17 лиц, утративших родственные связи.

Пресс-служба ДП СКО