Академиядағы дәріс

Академиядағы дәріс

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын іске асыру шеңберінде СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Еңбек Сембин 24 қыркүйек күні ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясында болашақ тергеушілерге дәрістер өткізді. Қағаз форматта қылмыстық істерді тергеу кезінде жекелеген процестік шешімдерді электрондық енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру, сондай-ақ «е-қылмыстық іс» модулінде қылмыстық істерді тергеу бұл кездесудің негізгі тақырыбы болды.

Өзінің Жолдауында еліміздің Президенті дамыған елдердің мысалы бойынша қылмыстық саланы модернизациялау қажеттігін атап кетті. Осыған байланысты, өкілеттіктерді нақты бөле отырып үш салалы моделді енгізуді ұсынды.

30 жылдан астам еңбек өтілі бар тергеушінің дәрісі курсанттар арасында үлкен қызығушылық тудырды. Аталмыш білім ордасының, Ресей ІІМ басқармасы академиясының түлегі цифрландыру жағдайындағы тергеу бөліністерінің қызметіне, құқық қолдану практикасына тоқталып өтті. Кейін жас тергеушілердің барлық қызықтырған сауалдарына жауап берді.