
Тәулік ішінде СҚО жолдарында масаң күйдегі 14 жүргізуші ұсталды. Масаң жүргізушілер әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға жүргізуші құғынан айырылмақ. Жүргізуші құқығынан айырылған 14 солтүстікқазақстандық көлікті тізгіндеген. Бұл әрекеттер үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабымен 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 10 тәулікке қамаққа алу түріндегі жаза көзделген. Солтүстік Қазақстан облысында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатқанын естеріңізге саламыз, оның шеңберінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс күшейтілді. Өткізіліп жатқан тексерістердің мақсаты – жолдарда апаттылықты азайту. «Жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтау, қырағылық жолдағы апаттылық тәуекелін төмендетіп, қауіпсіздіктің кепілі болып табылады. Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары жол қозғалысына қатысушылардың тәртіпті ұстануына, жолдарда қауіпсіз жағдай жасауға септігін тигізеді», - деп тоқтала кетті СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов.
Жедел-профилактикалық іс-шараның алғашқы күнінде облыс жолдарында 486 құқық бұзушылық анықталды. 46 факті – жылдамдықты асыру, 56 жүргізуші көлікті басқара отырып телефонмен сөйлескен. 67 адам қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылардың арасында жаяу жүргіншілер де бар. Белгіленбеген жерлерден немесе бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтудің 75 фактісі анықталды.
СҚО ПД баспасөз қызметі