
Интернет алаяқтықтың құрбанына айналмас үшін:
- әлеуметтік желілерде күмәнді мәмілер жасаудан бас тартыңыз;
- тауарды сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлем жасауға келіспеңіз;
- белгісіз адамдарға ақша аударымдарын жасамаңыз;
- бөгде адамдарға банк картасының нөмірін, пин-кодты, сондай-ақ ұялы телефоныңызға келіп түскен құпия сөзді хабарламаңыз.
ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАР! САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!!!
Сізге қатысты интернет-алаяқтық жасалған кезде тез арада жақын жерде орналасқан полиция бөліміне жүгініңіз немесе 102, 39-48-07, 61-29-02, 61-93-75 телефондарына хабарласыңыз.