
Көптеген адамға полицей формасындағы әйел адамды көргенде «Қатал, мықты, батыл» деген ой келеді. Бірақ осы мамандық иесімен тілдесіп, араласқан адамның ойы мүлде басқа. Әйел-полицейлер басқа да нәзік жандылар сияқты аздаған сәтсіздіктерге, мектептегі баласының нашар үлгеріміне қынжылуы мүмкін. Әрине, кез-келген мамандық өмірге деген сенімділікке тәрбиелейді, бірақ көп нәрсе «кадр» сыртында қалып жатады...
Полиция капитаны Әдемау Меңдібаеваның бес баласы бар. Үлкені Саида 12 жаста, одан кейінгі Аружан 10 жаста. Екеуі де анасының қолқанаты. Ал, тентек ең кішісі Әдия екіде. Ол анасының үй шаруасымен айналысуына әрдайым уақыты жоқ екенін түсінетін сияқты, өйткені кешкі кезекшілік балаларды мектепке дайындауға уақыт қалдырмайды. Анасын сұрақтардың астына алып тиышын алмай, ұқыпты және тез тамақтанады, 4 жастағы Дәрия да шашын тараған кезде тыныш отырады. Ал, Ерханда жігітке тән мінез қалыптасқан. Ол апаларына қарағанда табандылығы әрі қаталдығымен ерекше. Қарбалас, үй шаруасы, бұл - отбасындағы тіршілік, ал жұмыста қызметтік міндеттерді атқарудың орны бір басқа.
Әдемау Меңдібаева – қаламыздағы №10 мектепте кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор қызметін атқарады. Бұл бірінші кезекте тек құқықтық шеңберде объективті баға берілетін полиция қызметі емес, әр баланың психологиясымен қатар көңіл-күйіне көңіл аударуды қажет ететін үлкен жауапкершілік. Барлық оқушыларды назардан тыс қалдырмай, қадағалап отыру керек. Оларға құқықтық тәрбие беру ювеналдық полиция қызметкерінің тікелей міндетіне жатады. Көп балалы инспектор қызмет бабымен жүріп кей кездері кішкентай балапандарының сұрағандарын да ұмытып жатады. Бұл ретте, Меңдібаевтар отбасында ең басты принцип балаларының бойына адамгершілік қасиеттермен қатар шығармашыл болуға тәрбиелеу, әкесі Сайран да ішкі істер органдарында қызмет атқарады. Осы шығармашылық тәрбиенің жемісі ұқыпты сақтаулы көптеген медальдар мен дипломдар, көркем суреттер. Саида 5 жасынан бастап спорттық мәнерлеп билеумен айналысады. Бимен шұғылданған жеті жылдың ішінде ол өзінің туыстары мен жаттықтырушыларын халықаралық, республикалық және облыстық турнирлерде жеткен жеңістерімен қуантты. Оның ізін кіші інісі Ерхан да жалғастыруда, ол төрт жылдың ішінде солтүстікқазақстандық би өнері әуесқойларын тамсандырып қоймай, үлкен додаларға да өнер көрсетіп үлгерді. Саида фортепьянода ойнайды. Үлкен апасының музыкамен шұғылдануы скрипка өнерінің шеберлігін танып жүрген Аружанға да үлгі болды. 6 жасқа толғанда оған арнайы сыйлаған скрипканың нотасын аса қызығушылықпен үйренуде.
Мейірімді әрі қамқор Әдемау Меңдібаева сынды кез-келген ана үшін ең үлкен қуаныш, ол – балаларының қол жеткізген жетістіктерін көру. Ал, бала үшін ең маңыздысы, таңертеңгілік немесе басқа да іс-шараларда өнер көрсеткен сәтте олардың ата-анасының басты көрермен ретінде әрқашан алдында отыруы. «Әрине, қызмет бабында болғандықтан, әрдайым мұның бәріне үлгере алмаймын. Басшылық түсіністікпен қарайды, біз бәріміз әйелміз, үйде асыға күтіп отырған балалардың анасымыз. Кей кездері ісің оңға баспай, қатты қынжылатын сәттер де болады. Арқа сүйер жақын жандарым болғандықтан, олар маған алға ұмтылу үшін күш пен сенімділік береді», - дейді Әдемау. – Мен құқық қорғау қызметкерімін, менің ойымда қызметтік міндеттерге деген адалдық қалыптасқан. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында иығына погон таққан барша әйел қауымына бақыт, отбасы амандығын тілеймін! Ал, әйел үшін баласының амандығынан артық еш нәрсе жоқ».
Динара Сағындықова, СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің аға инспекторы