ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

СҚО ПД музейі: басты мақсат – жас қызметкерлерді тәрбиелеу

1977 жылдың 18 мамырынан бастап бүкіл әлем қауымдастығы жыл сайын Халықаралық мұражай күнін атап өтеді. Дәстүр бойынша бұл күні Солтүстік Қазақстан полициясының тарихы мұражайы өңіріміздегі ішкі істер органдарының құрылу тарихымен жақын танысқысы, бірегей экспонаттарды көргісі, құқық қорғау органдары қызметі жайлы сыр шертетін парақтарды ашқысы келгендер үшін 30 жыл бойы есігін айқара ашып келеді.

Өкінішке орай, бүгінде бүкіл әлемде болып жатқан жағдай дәстүрлі жоспарлар мен іс-шараларға өз әсерін тигізбей қоймады. Музей залдарында тыныштық орнады. Бірақ тарих мұнымен тоқталған жоқ. Музейдегі құжаттар, жеке заттар, фотосуреттер, киім-кешектер және тағы басқа орналастырылған экспозициялар тарихтың куәсі. Әр заттың, әр құжаттың өз тарихы бар және оны кез-келген уақытта әлеуметтік желілерден, газет-журнал беттерінен оқуға болады.

Кез-келген ведомствоның тарихы адамдардың есімдерімен, істерімен және тағдырларымен жазылады. Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер органдары қызметі тарихының парақтарын қалпына келтіру, сақтау және дамыту - бұл іспен СҚО Полиция департаментінің музейі айналысады.
Біздің музейіміздің бірегейлігі - бұл бай тарихты сақтап қана қоймай, сонымен қатар тәжірибе мен білім, қалыптасқан дәстүрлер мен рухани құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізудің баға жетпес жолында.

Жас полиция қызметкерлерін патриоттыққа тәрбиелеу, полицияның ерлік дәстүрлерін және күнделікті жұмыстарын насихаттау, табанды және өз ісіне берілген адамдар туралы естеліктер қалыптастыру музейдің басты міндеті болып табылады.

Жалпы ауданы 300 шаршы метрді құрайтын мұражайдың 4 бөлмесінде 18 ғасырдың 1700 жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейінгі үш жүз жыл бұрынғы полиция органдарының тарихы көрсетілген. Біздің музейде бейнежинақтарды көруге арналған кинозал бар. 2015 жылы республикада алғашқы болып 100-ден астам атыс қаруының, газды және травматикалық қарудың жиынтығы жинақталған мұражайдың қару-жарақ бөлмесін аштық.

Музейде өткізілетін кешенді іс-шаралар негізінен экскурсия түрінде өтеді. Олардың бәрі музейдің табалдырығын аттаған сәттен бастап, келушілерді батылдыққа шақыратын, өздерінің шағын Отанының тарихына деген сүйіспеншілікке жетелейтін жол болып табылады. Петропавл көшелерінде ең алғаш полиция қызметкерінің 179 жыл бұрын, 1840 жылы пайда болғанын білгенде, оларды таңғалдырмай қоймайды.

30 жылдың ішінде 45 мың адамды қамтыған 2 мыңнан астам экскурсия өтзілді. Егер келгендердің әрқайсысы полиция қызметіне деген құрметін жүрегімен қабылдаса, онда бұл ішкі істер органдарының беделін көтеруге, заңдылық пен тәртіпті нығайтуға септігін тигізеді.

Біз жастармен тәрбие жұмысын жүргізген кезде экскурсиядан басқа да түрлерін кеңінен қолданамыз. Жас қызметкерлер, мектеп оқушылары мен студенттер үшін музейде Ұлы Отан соғысы мен ішкі істер органдарының ардагерлері, ауған соғысына қатысқан жауынгерлермен кездесулер өткізуді дәстүрге айналдырдық. Жыл сайын ашық есік күндері, көшпелі көрмелер, «Музейдегі түн» өткізіліп тұрады.

Экскурсиядан кейін музей қабырғасында жас қызметкерлерге қызметтік куәліктер мен погондар табыс ету, Ант қабылдау өткізу тәрбие жұмысының ең тиімді жағы болып табылады. Олар аға буын алдында, қайтыс болған қызметкерлерді еске алып, олардың игі дәстүрлерін жалғастыруға және құрметтеуге, Антқа, Отанға, халыққа адал қызмет етуге сөз береді.

Біз осы қызметіміз арқылы бүгінгі құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне ең басты құндылықтарымыз: адал және беріле қызмет ету; абырой мен батылдықты сақтау; мейірімді, әділетті болуды және парызды естен шағармауға шақырамыз.

Любовь Осинская, СҚО ПД музейінің меңгерушісі, отставкадағы милиция подполковнигі

Дата публикации
17 мая 2020
Дата обновления
17 мая 2020
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
Пайдалы ақпарат
01 сентября 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы