ҚР ІІМ логотипі

Меню

Страницы

Статья

Тыл еңбеккері, ауыл тұрғыны және фура жүргізушісі СҚО полицейлеріне алғыстарын білдірді

СҚО полицейлерінің атына адамдардың ризашылықтары түрлі жолмен келіп жатады: хат арқылы немесе әлеуметтік желілердегі түрлі пікірлер арқылы. Мәселен, ҰОС ардагерінің жесірі, тыл еңбеккері Зоя Давыдова қоңырау шалып, жылы лебізін білдірді. Бұған себеп, мамырдағы мерекелер қарсаңында басшылықтың және Ардагерлер кеңесінің мерекемен құттықтап баруы болды. 85 жасар әжей жалғыз тұрады. Балалары үнемі жанынан табылады, алайда, полицейлердің ілтипаты да ол үшін ерекше.

Зоя Яковлевна - соғыстан кейінгі жылдары елді қалпына келтіру жолында еңбек еткендердің бірі. Соколовский ауданында масақ және үсіген картоп жиғаны әлі есінде. Сол жылдары буыны қатпаған балалар майданнан оралмаған ерлердің орнына күні-түні жұмыс істеген, Зоя Яковлевна да солардың қатарында соқамен жер жыртып, бораналаған. 15 жасында жарақат алыпты: дем алуға мүмкіншілігі болмаған қыз бала егістікте өгізбен жер жыртып жүрген кезде ұйықтап кетіп, саусағын қысып алған. Ауруханадан шыққан соң аспаз болып жұмыс істейді. Өзінің замандастары сияқты Зоя Яковлевна да тынымсыз еңбек еткен...

"Сіздер, біз үшін жеңімпазсыздар, бастарыңыздан өткен сынақты тек рухы мықты, батыл адамдар ғана бағындыра алады", - деп алғыс хатта тыл еңбеккерлеріне жылы лебіздерін СҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаев және СҚО бойынша ІІО және ҰҰ Ардагерлері кеңесінің төрағасы Сұраған Көпеев білдірді. «Ұмытпай келіп тұратындарына алғысым шексіз, жылы сөздерден көңілім босап кетті», - деді риза болған әжей.

Жамбыл ауданынан Марат Төлебаевтың атына тағы бір хат келді. "Құрметті Марат Сағынтайұлы! - деп отбасының атынан Ольга Сурова жазыпты.- Жоғалған жылқымызды тез тауып бергендеріңіз үшін алғыс айтқымыз келеді. Аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Асан Мейрамовтың басшылығымен полиция бөлімінің қызметкерлері 3 тәулік ішінде жылқыны тауып, қайтарып берді".

34 жасар алматылық Петр Ткаченков алғысын бейне жазба ретінде жіберген. Алкогольсыз сусындар тиелген фура Нұр-Сұлтаннан Сургутқа бет алған, алайда, көлік жолда сынып қалып, 5 тәулік Қызылжар мен Мамлют ауданының арасында қосалқы бөлшектерді күтіп тұрып қалған. Сол күндері СҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальоны 2-ші взводының қызметкерлері жүкті күзетіп, жүргізушіге азық-түлік әкеліп тұрған және көлікті жөндеуге көмектескен. «8 жыл бойы фура жүргізіп келемін, бұған дейін полицейлердің көмегіне бірнеше рет жүгінген болатынмын, алайда дәл осындай қонақжайлықты күтпеген едім, - депті жүргізуші. - Алғысым шексіз, баршаңызға бақыт пен сәттілік тілеймін!».

СҚО ПД баспасөз қызметі

Дата публикации
17 мая 2020
Дата обновления
17 мая 2020
Тип
БАҚ үшін

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
26 апреля 2023
Қазақстан бойынша көші-қон дайджесті
Пайдалы ақпарат
01 сентября 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2020 жылғы 1 қыркүйек

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы