Қазақстан полициясы күніне дайындық аясында Ішкі істер министрлігі кәсіби және әуесқой фотографтар мен ішкі істер органдары қызметкерлері арасында «Біздің полиция» республикалық фотобайқауын жариялайды.
Байқаудың мақсаты — полицияның күнделікті қызметін, қоғамға қызмет етудің маңыздылығын, азаматтармен өзара әрекеттестігін және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді фотосуреттер арқылы көрсету.
Фотожұмыстардың тақырыптары:
«Заң және тәртіп» — қызметкерлердің портреттері, патрульдеу және кезекшілік сәттері;
«Қасымыздағы қаһармандар» — азаматтарға қиын жағдайда көмектесу сәттері;
«Балалық шақты қорғау» — балалардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
«Жол — қауіпсіздік аймағы» — жолдағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік;
«Төтенше жағдай — жедел әрекет» — төтенше жағдай кезіндегі жедел әрекеттерді бейнелеу.
Техникалық талаптар: фотосуреттердің өлшемі 5-тен 10 МБ-қа дейін, сапасы төмендетілмеген күйде болуы тиіс.
Фотосуреттерді түпнұсқа өлшемде uvd_sko@mail.kz электронды поштасына жолдау қажет. Тақырыпта «Біздің полиция» республикалық фотобайқауына деп көрсетіп, автордың аты-жөні мен байланыс телефонын қоса жазу керек.
Анықтама телефоны: +7 705 756 1587 (СҚО ПД баспасөз қызметі).
Материалдарды қабылдау мерзімі — 2025 жылғы 10 маусымға дейін.