Солтүстік Қазақстан облысында 2021 жылдың
қылмыстылықтың жай-күйі туралы
АҚПАРАТ
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің ағымдағы 2021 жылғы жұмысына қорытынды жасалды. Қылмыстар мен олардың жеке түрлерінің жалпы санын тіркеуін төмендеу көрсетілген үрдісі ағымдағы жылғы қызметтің нәтижелері бойынша жалғастырылды.
Ағымдағы 2021 жылғы нәтижесі бойынша 4504 қылмыс (4770)[1]. тіркелген. Облыс бойынша қылмыстарды жалпы ашу 60,7% құрады (73,5%).
83 аса ауыр қылмыстар, 901 ауыр, 2178 орташа ауыр және 516 аса ауыр емес қылмыстар тіркелген.
Қылмыстардың ауыр түрлерін ашу облыс бойынша 68,6% құрады, бұл ретте орташа республикалық көрсеткіші кезінде – 62,5%. Аса ауыр қылмыс түрлерін ашу көрсеткіші – 68,7%-ды құрады, бұл ретте орташа республикалық көрсеткіші кезінде – 88,7%.
Қылмыс белгілері бойынша тіркелген құқыққа сыйымсыз әрекеттер санының төмендеуі байқалуда. Негізінен, ауыр дене жарақатын келтіру 19,3%, қарақшылық 50,0%, тонау 20,0%-ге, ұрлы 16,7% , автокөлікті айдап әкету 20,2%-ке төмендеген.
Дәстүрлі, қылмыстық құрылысында ұрлықтар басымдылық. Бұл ең таратылған қылмыс түрі тек біздің облысымызда ғана емес, барлық республика бойынша орын алуда. Ағымдағы 2021 жылдың облыс аумағында 1779 (1959) бөтеннің мүлкін ұрлау тіркелген, өндіріспен 1069 (1558) қылмыстық іс аяқталған.
Полицейлердің мақсатты бағытталған алдын алу жұмысының көмегімен бөтеннің мүлкін ұрлаудың негізгі түрлерінің төмендеуі байқалуда: пәтерлерден ұрлау 25,1%-ке, 646-тен 484-ге дейін, кіру арқылы пәтерден ұрлау 31,1%, 148-ден 102-ке дейін, ұялы телефондарды ұрлау – 33,2%, 458-ден 306-ге дейін.
Ұрлауды ашудың жалпы саны – 57,9% (71,0%) құрады.
Ағымдағы кезеңде қылмыс жасаған 68 (82) қылмыскерлерге және 57 (90) із-түссіз жоғалған тұлғаларға қатысты іздестіру жүзеге асырылды, олардың ішінен 34 (48) қылмыскер немесе 50,0% (58,5%) ұсталды және 34 (67) немесе 60,0% (74,4%) із-түссіз жоғалғандардың тұрғылықты жерлері анықталды.
Қазақстан Республикасына келу тәртібін бұзғаны үшін есептік кезеңде әкімшілік жауапкершілікке 1759 шетелдік тартылған, олардың ішінен 74 сот қаулысы бойынша қуып шығарылды.
Заңсыз есірткі айналымына байланысты 197 қылмыс (182), оның ішінде 59 өткізу фактісі (49) анықталды.
11 контрабанда фактісінің жолы кесілді (13). Заңсыз айналымнан 410,2кг. әртүрлі есірткі заттары (2020 ж. – 462,3кг) алынды.
Өңірде қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған бірқатар шаралар қабылданды. Ағымдағы 2021 жылдың облыста қоғамдық орындарда жасалған 669 қылмыс тіркелген (-8,1%, 728), көшелерде - 336 (-3,7%, 349), 291 – сотталуын өтемеген (-38,0%, 469), 724 - алкогольдік және масаң күйінде (-15,1%, 853) қылмыстар тіркелген.
Ақпараттық технологиялар саласында жоғары криминалдық белсенділігін болып табылатыны жалғастырылуда. Интернет-сауданың, «он-лайн» бизнесінің даму және жалпы цифрландыру IT-қылмыстылықтың өсуіне әкеп соқтырады. Алаяқтылар тек бір мақсатпен - сенімді азаматтардың ақшаларын иелену үшін түрлі қаржы пирамидаларын, шағын несиелік ұйымдарын және «алдын ала төлеу бойынша дүкендерін» ұйымдастыру үшін әлеуметтік желілерді және мессенджерлерді белсенді пайдалануда. Өкінішке орай, осы 700 адам осыған ұрынып қалды.
Бұл өткен жылға қарағанда екі рет жуық. Егер алдында қармаққа негізінде қарт адамдар түссе, қазір алдап кеткендердің ішінде жастар және орта жастағы адамдар бар.
Облыста қоғамдық тәртіпті сақтау, жол және қоғамдық қауіпсіздікті жүйелі бақылауды қамтамасыз ету мақсатында тәуліктік режимде 1612 бейнебақылау камерлары жұмыс істейді, олардың ішінде облыс орталығында 410. Оның көмегімен 24829 құқық бұзушылықтар анықталған, 798 қылмыстар ашылған.
Есептік кезеңінде облыс аумағында 312 жол-көлік оқиғасы тіркелген, олардың нәтижесінде 419 адам жарақат алды, 40 адам қаза тапты. Өкінішті статистика кейбір жүргізушілердің және жаяу жүргіншілердің жол жүрісі ережелерін сақтауға немқұрайлы қарауы болып табылады.
Ағымдағы 2021 жылдың 67 804 тұлға Жол жүрісі ережесін бұзғаны үшін, алкогольдік мас күйінде көлікті басқарғаны үшін 1173 жүргізуші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл масаң күйде жүргізгені үшін заңнаманы айтарлықтай қатаңдатуға қарамастан.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін заңнамадағы жаңа заңдарымен жүргізуші куәліктерінен айыру мерзімі 3-тен 7 жылға дейін ұзартылды және 15 тәулікке әкімшілік қамау енгізілді.
Егер «ішімдік ішкені үшін» басқару құқығынан айырылған адам тағы да масаң күйде басқарғаны үшін ұсталса, сотпен өмір бойы көлікті басқару құқығынан айы түрінде баламасыз шара қабылданады.
Жазалаудың бұлтартпау принципін қамтамасыз ету мақсатында, облыс бюджетіне әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша шаралар қабылданды. Ағымдағы 2021 жылғы қорытындысы бойынша барлығы 1 млрд. теңге сомаға айыппұл салынған. 753,4 млн. теңге немесе 71,6%-ы өндіріп алынған.
Туындаған эпидемиологиялық жағдайында және енгізілген шектеу шаралары кезінде облыстың полицейлері қылмыстарды анықтау, жолын кесу және ашу, қоғамдық тәртіпті күзету және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасы ету бойынша жүйелік жұмыстарын жалғастыруда.