Ерлердің нашақорлығы туралы

🔺Нашақорлықтағы гендер алшақтығы жыл санап қысқарып келе жатқанына қарамастан, ерлер әлі де көш ілгері.

🔺2019 жылы облыста денсаулық сақтау органдарында «нашақор» диагнозымен 656 адам есепте тұрды, оның ішінде 42 әйел, 614 ерлер. 2020 жылғы есепте 594, оның ішінде әйелі – 43, ерлері – 551.

🔺Ерлер көбіне есірткіні қызығушылық не өзін таныту құралы ретінде қабылдады. Құрдасына «ересектігін» көрсету үшін есірткіні жиі қабылдайтын бозбала қауіпті сәттерге тап болады. Мұндай сәтте «құмарлықтың» қатерлі салдарын ешкім ойламайды.

🔺Нашақорлықтың денсаулыққа әсері:

❗ми әрекетінің бұзылуы – тұлға құлдырауы әрі ақпарат игере алмауы.

❗орталық жүйке жүйе бұзылуы - ашушаңдық, мінез құбылуы, іс-әрекетіне бейқамдық.

❗асқазан-ішек жолы бұзылуы.

❗психикалық салдар - депрессия, бозгейлік, өзіне қол жұмсауға бейім, мазасыздық, параноидтық жәйттер.

❗жүрек ауруы - аритмия, инсульт.

❗бауыр ауруы - цирроз.

❗репродуктив қызмет бұзылуы - есірткіге тәуелді адам белсіздігі дамуы.

🔺Есірткі ердің жыныстық қабілетін жақсартады деген жаңсақ пікір бар. Белгілі бір зат қабылдау құмарлыққа әкеледі. Салдарынан есірткі психологиялық кешенді ауытқуға әкеледі.

Ерлердің нашақорлығы туралы
Дата публикации
07 апреля 2021