Мейірім үйі - тағы бір мүмкіндік!

Қызылжар ауданында Боголюбово шағын ауылы бар. Облыс орталығынан 50 шақырым жерде орналасқан. Ауыл шіркеуінде 12 жылдан бері мейірім үйі жұмыс жасайды.

🔺 Мейірім үйіне есірткіге тәуелді адамдар да келеді.

🔺 Дініне қарамастан бәрі қабылданады.

🔺 Тәуелділік аталмыш орында медициналық препаратпен емес сөз, дұға ету, іс-әрекет, құранмен емделеді. Кездесу барысындағы сұхбатта Мейірім үйі қызметшісі - Владимир Секишев: @vladimirsekishev "Міндетім - бауырларыма қызмет ету, шырмаудан шығуға көмектесу," - деп сөз қозғады.

🔺 Қарамағындағылар шаруашылық жүргізеді: мал бағады, бақша өңдейді, баптайды, пеш жағады, тамақ пісіреді - бар тіршілік өз мойындарында. Пастор мен қызметшілер есірткісіз өмір сүру жолына бастайды. Етене араласып, бір-біріне көмектеседі.

🔺 Мейірім үйінде қалып жаңа өмір бастау не өткен күйге оралу - әркімнің таңдауы, күшпен зорлап емдеуге жол жоқ.

🔺 Ауруға бой алдырып, жеңіліп кеткендер де бар.

🔺 Ауруға мойынсұнбай, жаман сөз, темекі, ішімдік пен есірткісіз өмір сүріп, жұмысқа тұрып, отбасы құрғандар да жеткілікті.

 

🔺 Мейірім үйі туралы толық ақпаратты инстаграмнан таба аласыз: @vladimirsekishev, тел. 87714774774 не

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы алдын алу тобы - 61-28-14

Мейірім үйі - тағы бір мүмкіндік!
Дата публикации
29 марта 2021