КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАЛДАНДЫРУ
Ішкі істер органына қатардағы және аға басшы құрам лауазымдарына жұмысқа шақырамыз.
Ішкі істер органында қызмет өткерудің артықшылығы:
- жұмыс берушінің есебінен алғашқы оқулар мен біліктілікті арттыру;
- қызмет өтілі мен арнаулы атаққа байланысты лауазымдық еңбекақы мөлшерінде ұлғайтумен тұрақты және уақтылы еңбекақы;
- сауықтыруға жеңілдік және қызмет бабымен өсу;
- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету;
- 48 жаста зейнетке шығу, арнаулы атаққа байланысты (ішкі істер органында үздіксіз қызмет, 12 жыл 6 айдан кем болмау).
Талаптар: 35 жастан аспау керек, бойы 170 см. төмен емес, орта білім (қатардағы құрам лауазымына) және жоғарғы білім (аға басшы құрам лауазымдарына, қызмет бағытына қарай), мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікпен берілетін тестілеуден өткені туралы сертификаттың бар болуы, денсаулық жағдайы бойынша жарамды (әскери-дәрігерлік комиссиямен анықталады).
Ақпарат алу үшін Петропавл қ., Алматы к-сі, 55 мекенжайына немесе 61-26-12, 61-26-42, 61-26-39, 61-26-57, 61-26-60, 61-26-40, 61-26-53, факс (7152) 61-26-66 телефондарына хабарласуға болады.
Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С – SVR – 4 санаты үшін:
білімі – жоғары.
С – SVR – 8 санаты үшін:
білімі – жоғары.
С – SV – 13 санаттары үшін:
білімі – орта, арнайы техникалық орта және кәсіптік білім
Кіші және орта басшы құрамның
лауазымдық жалақысы:
|
Санаты |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты лауазымдық жалақы |
|
|
бастап |
дейін |
|
|
С – SVR – 4 |
92024 |
124056 |
|
С – SVR – 8 |
56807 |
76805 |
|
С – SV – 13 |
56099 |
76097 |
|
Арнаулы атақтары үшін қосымша ақы |
19979 |
57833 |
Функционалдық міндеттері: түрлі зорлық-зомбылыққа ұшыраған және қиын жағдайға тап болған әйелдерді консультативтік-құқықтық көмек көрсету үшін қабылдауды жүрізеді, әйелдің құқығына, мүддесі мен еркіндігіне қол сұққан тұлғаға қатысты әкімшілік өндіріске бақылау жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жасқа дейін, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес жоғары кәсіби білім: заңтану, құқық тану қызметі, педагогика және психология.
Функционалдық міндеттері: қылмыстық іс бойынша жеңілдетілген сот алды тергеуді алдын ала жүргізеді. Қылмыстық істерді қозғайды, олар бойынша алдын ала тергеуді жүргізеді және тергеу әрекеттерін атқарады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жасқа дейін, жоғары білім келесі мамандықтар бойынша: заңтану, құқық қорғау қызметі.
Функционалдық міндеттері: қызмет көрсететін әкімшілік учаске аумағында қылмыстың және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алуды, ескертуді, жолын кесуді, қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асырады. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша материал жинауды жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: 35 жасқа дейін, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес жоғары кәсіби білім: заңтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, алғашқы әскери дайындық, мемлекеттік және жергілікті басқару.
Функционалдық міндеттері: ІІО локальді жүйесінің ведомстволық жұмыс істеуін және ішкі телефондық желілердің, компьютерлік техникалардың, байланыс құралдарының, серверлік жабдықтардың, бейнебақылау жүйелердің жұмыс істеп тұруларын қамтамасыз етеді. Бөліністің техникалық жаңару жағдайы туралы мәліметті қалыптастырады. Компьютерлік техникалардың, байланыс құралдарының т.б. есепке алынуарын және есептен шығаруын жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жасы 35 жасқа дейін, білімі орта. Арнайы орта, техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі болғаны дұрыс.
Конкурсқа қатысуға қажет құжаттар міндетті түрде Петропавл қ. Алматы к-сі, 55 мекенжайындағы Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасына ұсынылуы қажет.