🔺Қоғамда ең үрейлі құбылыстың бірі – әйелдің нашақорлыққа тәуелділігі. Оларды емдеу өте қиын. Көптеген маман нашақорлық жолына түскен қыздың келешегі жоқ деп санайды. Есірткі бойынша статистика көрсеткіші алаңдатуда. Қазақстан денсаулық сақтау органдарының есебінде 2020 жылғы 3 тоқсан қорытындысы бойынша «нашақорлық» диагнозымен 20 744 адам тұр. Оның ішінде әйелдер саны – 1 600. Солтүстік Қазақстан облысында есепте тұрған 620 адамның 43-і әйел.
🔺Әйел нашақорлығы қалай қауіпті? Олар бұл аурудан айыға ма? Әйел ағзасына есірткі қалай әсер етеді? Ол есірткі шырмауынан құтыла ала ма?
🔺Әйел ағзасы физиологиялық әрі психикалық ерекшелігіне байланысты қыз бен әйел есірткіге тым жылдам тәуелді болады, өмір мәні мен сәні бұзылады. Адам дағдарыс процесі, моральдық-этикалық қарекеттің төмендеуі, нәзік әйелдің күрт құлдырауы көз ілестірмейді. Жүктілік кезінде есірткі қабылдау ұрық өліміне, не болашақ сәби азабы мен мүгедектігіне әкеледі. Бейәлеумет өмір салты, жыныстық ретсіз қатынас жыныстық жолмен берілетін ауру, гепатит, туберкулез, АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупін ұлғайтады. Соматикалық ауру, ішкі ағзаның зақымдануы, инфекция салдарынан сәби физикалық әрі психикалық түрлі ауыр патологиясымен дүниеге келеді. Есірткіге қарсы тұра алмаған әйел баласына деген сүйіспеншілік пен қамқорлықты ұмытып, қылмыс жасайды. «Ләзаттану» жолында өміріндегі ең қымбат дүниені құрбан етіп, сәби өміріне төндірер қаупі жайлы ойланбайды.
🔺Жаман әдетке әйелдің бой алдыруы адамзатқа екі есе соққы болады. Әйелдің есірткі қабылдау салдары өзіне ғана емес, ұрпақ өміріне балта шабады.
🔺Мұғалімдерге арналған ақпарат: әйел нашақорлығының себебі, ерекшелігі, салдары туралы толық ақпаратты қыздар үшін ұйымдастырылған кездесуде жариялайтын боламыз.
Байланысымыз: СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы нашақорлықтың алдын алу тобы 61-28-14
СҚО ПД ЕҚҚІҚБ сенім телефоны - 39-41-93