Егер сіздің балаңыз есірткі пайдаланса, не істеу керек?
Сонымен, Сіздің көкейіңізде балаңыздың есірткі қабылдайтыны туралы күмән туындайды. Не істеу керек? Қайда жүгінуге болады? Бұл туралы ешкім білмеуі үшін не істеу керек? Сізді осындай көптеген сұрақтар мазалайды. Үрей сезімі пайда болады.
Алдымен, сабырға келіңіз. Әуелі қандай әрекеттер жасау керектігін ойластырып, ой елегінен өткізу керек. Алайда, бұл мәселені кейінге қалдырмаңыз. Бұл жағдайда кідіруге болмайды. Бұл - өмір мен өлім мәселесі, нашақорлық - жаман әдет емес, ауру. Бұл уақытта Сіз балаға қалай көмектесетініңіз туралы жақсы ойланып, әрекет етіңіз.
Жалғыз күресуге тырыспаңыз – одан нәтиже шықпайды, бұл ауруды отбасылық құпия қылып жүрмеңіз, міндетті түрде мамандардың көмегіне жүгініңіз.
Ең алдымен, балаға дауыс көтермеңіз, жазаламаңыз. Ақыл айтып, ұрысу көмектеспейді. Сіздің міндетіңіз - оны өзіңізден алыстатудың орнына, баламен байланыс орнату. Балаңыздың қанша уақыт және қандай есірткі қабылдайтынын анықтауға тырысыңыз. Бұл жағдайдың қаншалықты қиын екенін және одан әрі әрекет ету тактикасын белгілеу үшін маңызды.
Баламен оның әуестігі туралы сөйлесуге алдын ала дайындалыңыз.
Сізді тыңдауға дайын болған кезде сөйлесіңіз. Баламен ыңғайлы жағдайда сөйлесу үшін уақыт пен орынды таңдаңыз. Бұл кезде Сіздерге ешкім кедергі келтірмеуі керек. Баламен есірткі қабылдамаған кезде ғана сөйлесу керек, әйтпесе уақыт пен күш-жігеріңізді босқа өткізесіз, өйткені бала айтқаныңызды түсінбей, есінде сақтамайды және ақылға қонбайтын әрекеттер жасауы мүмкін.
Сізге практикалық кеңес бере алатын адамдармен сөйлесіңіз. СҚО Психикалық денсаулық орталығының нарколог-мамандарына не болмаса тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгініңіз. Сенім телефоны: 46-42-30
Кәмелетке толмағандармен әңгіме жасырын ата-аналарының қатысуымен өткізіледі.
Бұдан бөлек, Сіз қосымша ақпарат пен көмек алу үшін бізге хабарласа аласыз.
Біздің тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны: 39-41-93
Нашақорлықтың алдын алу тобы 61-26-14