Электрондық сигарет
«Айкос сигаретке қарағанда қауіпсіз бе?» Осы сұрақты жасөспірімдер дәрістер мен кездесулерде жиі қояды.
Бүгінгі жазба осы гаджетке арналады.
Сонымен, осы өнімді өндірушілер темекіге қауіпсіз балама ретінде ұсынды. Алайда, Ұлыбританияның денсаулық сақтау және медициналық көмекті жетілдіру ұлттық институтының зерттеулеріне сәйкес теріс нәтиже көрсетті.
Құрамы: пропиленгликоль қосылған темекі-глицерин суспензиясы. Бұнымен қоса, тұтынған кезде бұл «зиянсыз» сигареттерден улы заттар өндірушінің көрсеткен мөлшерінен әлдеқайда көп бөлінеді. Ғалымдар олардың 62-сін анықтады! Алайда, өндіруші олардың тек 10-ын көрсеткен. Оның ішінде - өте улы заттар бар! Бұл темекі қызған кезде құрылғының пластикалық сүзгісі еріп, формальдегид цианидрин улы заты бөлінеді, бұл заттың шағын мөлшерінің өзі де қауіпті. Сонымен қатар, буы айналадағы адамдарға зиян келтіреді. Киімнен, шаш пен теріден жағымсыз иіс шықпағанын қаласаңыз, пайдаланушылар айкосты пайдаланған адамнан темекінің иісі қатты сезілмейді дейді. Алайда, денсаулығыңызға бейжай қарамайтын болсаңыз, бұл әдеттен бас тарту қажет. Болашағың өз қолыңда!