Түтінсіз темекі өнімі

Снюс.

Түтінсіз темекі өнімі. Снюс бөліп-өлшенген пакеттерде шығарылады, құрамындағы никотин қанға сіңіп, ағзаға тарауы үшін ауызға 5-30 минутқа салып қояды.

«Снюстің» құрамы әртүрлі. Оның құрамында ұсақталған темекі, тұз, сода, эфир майлары мен дәмдік қоспалар не болмаса сапасыз темекі, құрамында никотин бар синтетикалық затпен өңделіп кептірілген шөптер болуы мүмкін.

Егер 1 сигаретте никотин дозасы 0,7-ден 1,5 мг-ға дейін болса, «снюстің» бір дозасында 60 мг-ға дейін жетеді!

«Снюстың» негізгі тұтынушылары - жасөспірімдер. Жасөспірімнің орташа салмағы 40-60 кг.

1 килограмм салмаққа никотиннің 1 мг. - өлімге апаратын доза. Никотин - бұл улы зат. Кез келген улы зат ажал құштыруы мүмкін. Нейротоксин жүйке жүйесіне зиян келтіреді. Қазақстанда «снюсті» сатуға тыйым салынған. Алайда, ағзаға зиян келтіретін басқа жаңа препараттар пайда болуы мүмкін. Жасөспірімдермен дәрістер, әңгімелер, кездесулер өткізген кезде зиянды препараттардың салдары туралы сөз қозғаймыз. Алайда бұл жеткіліксіз. Құрметті ата-аналар, балаларыңызбен әңгіме жүргізіңіздер! СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының сенім телефоны: 39-41-93.

Түтінсіз темекі өнімі
Дата публикации
16 марта 2021