«Спайс»
Құрамы: кез-келген кептірілген шөп алынып, синтетикалық тетрагидроканнабиноидпен (ТГК) өңделеді. Дәлірек айтқанда, оның концентраты миға әсер етеді.
«Спайс» синтетикалық есірткіні қабылдау белгілері:
- көру және есту галлюцинациялары пайда болады;
- сана мен ойлау қабілеті бұзылады;
- амнезия;
«Спайсты» қабылдаудан пайда болатын сыртқы белгілер:
- терінің және көз ағының қызаруы;
- көз қарашықтарының кішіреюі не болмаса кеңейюі;
- салқын көзқарас;
- шаштың құрғауы, қолдың ісіуі;
- созыңқы, түсініксіз сөйлеу;
- әрекеті баяу және ебедейсіз;
- тынымсыз жөтел.
Психикалық тәуелділік «спайс» есірткісін бір қолданғаннан кейін, ал физикалық тәуелділік бірнеше рет қолданғаннан кейін пайда болады.
«Спайс» есірткі затын қабылдайтын адам кәсіби көмекке мұқтаж.
Тек осы тұрғыдан ғана тәуелділікке қарсы тұруға болады.
СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы - 39-41-93
СҚО психикалық денсаулық орталығы 46-42-30