«Синтетика». Қайтып келмес жол.
Тұз – бүгінгі таңда қол жетімді және қауіпті есірткінің бірі. Бұл есірткі түріне адам тез әуестеніп алады.
Дегенмен, осы ең қауіпті есірткі - адамның психикасына кері әсер етіп, денсаулығын бұзады. Тұз есірткі затын қабылдаған кезде, адамның денсаулығы тез нашарлайды, бұл деградация қайтымсыз салдарға әкеп соқтырады.
Ата-аналардың назарына:
егер темекі шегетін қоспаларды біраз уақыт бойы білдіртпей қабылдауға болатын болса, ал тұз есірткі затын қабылдауын бірден байқауға болады. Адамның тұзды қабылдауы - бірден не болмаса қабылдағаннан кейін бірнеше сағат ішінде көзге көрінетін белгілері:
- жабайы көрініс
- шөлдеу
- үрейлі сезім (соңынан біреудің аңдуы не болмаса кім біреулердің келуі)
- сөйлеу ақаулары (төменгі жақ сүйегінің қимылы, гримас)
- тәбеттің болмауы
- галлюцинация (есту мүшесі)
- жестикуляция (қол, аяқ, бас қимылдарының қозғалысы)
- ұйқысыздық
- энергияның басымдылығы (бір нәрсе жасауға деген ұмтылыс, әдетте барлық әрекеттері нәтижесіз)
- кез-келген ауыр жұмыс жасауға деген ұмтылыс (әдетте, күрделі механизмдерден бастайды)
- елестету идеялары орын алады (мысалы, әлемді басқару мүмкіндігі)
Мұның бәрі шынайы, менмендік және өзін-өзі сынаудың болмауымен ілесуде.
Кейінірек салмақ жоғалта бастайды (аптасына 10 кг-ға дейін).
Есірткіні қабылдаудан тыс - шамадан тыс ұйқышылдық пайда болады (бірнеше күн ұйықтайды береді), көңіл-күйдің күлдіреуі, депрессия, суицидтік жағдайларға бой алдырады. Сыртқы келбеті ұсқынсыз, бет-аузына түртіктер мен безеулер шығады. Аяқ-қолдары мен бет әлпеті жиі ісіп кетеді. Зияткерлік мүмкіндіктері күрт төмендейді және үнемі өтірік айтады.
Бұл проблеманы өз бетінше жеңе алмайсың. Міндетті түрде мамандардың кеңесіне жүгініңіз. СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны 39-41-93.
Психикалық денсаулық орталығының телефоны: 46-42-30.