Героинді қабылдаған адам – жоғары тәуелділікке ұшырайды. Адам оның небәрі 1-2 дозасын қабылдағаннан кейін әуестеніп алады! Есірткі қолданудан туындаған дененің ауруы «қорқыныш» сезімін өршете түскенде, нашақор оны қайта-қайта қабылдай бастайды.
Статистика бойынша Қазақстанда медициналық мекемелерде героин есірткі затына тәуелді 5740 адам. Солтүстік Қазақстан облысында есепте - 224 адам тұр. Бұл ретте, пациенттердің арасында жасөспірімдердің жоқтығы қуантады.
Препараттың осы түрін қолданудың нәтижесінде пайда болатын белгілер: - көз қарашықтарының кішіреюі, тіпті қараңғы кезде де кеңеймейді;
- ине іздерінің, күйіктердің, тамырларында көгерген жерлердің болуы;
- ұйқышылдық, енжарлық, сергектік;
- қышыну.
Есірткі затын қолданатын адам заттарының арасында болуы мүмкін: - шприцтер не олардың инелері;
- ысталған қасықтар;
- тамырға егу кезінде қолданылатын резеңке;
- дәрілік заттардың бос қораптары, кептірілген дәрі-дәрмектері бар мақта кесектері;
- үйден бағалы киімдердің және т.б. жоғалуы;
- өтірік айту, қашқақтау;
- достарының өзгеруі немесе есірткіні қолданатын «жолдастардың» пайда болуы.
Есірткіден өздігінен бас тарту мүмкін емес. Уақытты босқа өткізбеңіз. Міндетті түрде мамандардың кеңесіне жүгініңіз.
СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы
іс-қимыл басқармасының тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны 39-41-93.