Жасөспірім және есірткі

Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық - қазіргі қоғамның әлеуметтік проблемасы. «Дизайнерлік» есірткінің пайда болуынан нашақорлық жастар субмәдениетіне айнала бастады, «сәнді» өмірдің бір белгісін білдіретін болды.

Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 9 айында денсаулық сақтау органдарының есебінде «нашақор» диагнозымен 20 744 адам, оның ішінде 92 кәмелетке толмаған жасөспірім тұр. Бұл диагноз 14 жасқа дейінгі 13 балаға қойылған!

Солтүстік Қазақстан облысында есепте 620 адам, оның ішінде 2 жасөспірім тұр.

Негізі аз? Себебі нашақорлардың бәрі бірдей есепке тұрмайды, көпшіліктің назарына ілігуінен қаймығады. Өз күштерімен жеңіп шығатындарына сенеді. Осындай неше түрлі сылтаулар мен себептер көп.

Есірткі пайдаланатындар катары «жасаруда», бұған көптеген факторлар әсер етеді. Атап айтқанда, жасөспірім кезінде өмірдің түрлі салаларын көріп-білуге ұмтылу, көшбасшылық, қызығушылық, жалғыздық, сондай-ақ, есірткінің сан алуан түрі мен қол жетімділігі. Бүгінгі таңда Интернетте есірткі саудасы қызып тұр.

Балаларды бұл кесапаттан қалай қорғауға болады және есірткі мен психобелсенді препараттарды, зиянды заттарды, оның ішінде жаңадан пайда болған заттарды пайдалану салдары балаға қалай әсер етеді, бұл туралы келесі посттарда жариялайтын боламыз. Біздің жарияланымдарды назарда ұстаңыздар.

 

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы

Жасөспірім және есірткі
Дата публикации
10 марта 2021