Жастар «жеңіл» есірткі салдары туралы аз не мүлдем білмейді, ойламайды десек болады.
Сонымен, бұл препаратты қолдану салдарынан ағзада қандай өзгеріс болады.
Препараттың бұл түрін қолдану сезім жүйесінің әлсіреуі, есте сақтау қабілетінің бұзылуы, ақыл-ой қабілетінің төмендеуіне әкеп соқтырады. Әсіресе, жасөспірім кезде ұзақ мерзім қалыптасатын теріс әсер пайда болады, нақтырақ айта кетер болсақ: ми құрылым өзгеруі әрі ақыл-ой өрісінің төмендеуі мүмкін.
Салдарына тоқталар болсақ:
⁃ психологиялық тәуелділік;
⁃ шизотиптік бұзылыс;
⁃ бауыр зақымдануы дамиды.
Бала мінез-құлқындағы физиологиялық әрі эмоциялық өзгеріс белгілеріне назар аударуға кеңес береміз:
⁃ көз қарашығының ұлғаюы не керісінше кішіреюі;
⁃ мінез-құлықтағы ауытқушылық: өзін салбыр ұстау, тежелгіштік не керісінше шамадан тыс көтеріңкі көңіл-күйде болу, ұшқалақтық;
⁃ ашуланшақтық, мазасыздық, ұқыпсыздық, озбыр мінез таныту, жасқаншақтық, қорқыныш-үрейде болу;
⁃ тәбеттің болмауы не шамадан тыс тамақсаулану.