Солтүстік Қазақстан облысында 2026 жылдың 8 айындағы қылмыстылықтың жай-күйі туралы АҚПАРАТ

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің ағымдағы жылғы 8 айдағы жұмысына қорытынды жасалды. Қылмыстар мен олардың жеке түрлерінің жалпы санын тіркеуін төмендетудің көрсетілген үрдісі ағымдағы жылғы тамыз айында қызметтің нәтижелері бойынша жалғастырылды.

Ағымдағы жылғы сегіс айдың нәтижесі бойынша 1432 қылмыстық құқық бұзушылық (1735)[1]. тіркелген. Облыс бойынша қылмыстарды жалпы ашу 66,6 % құрады (61,2%).

20 аса ауыр қылмыс, 549 ауыр, 633 орташа ауыр және 230 онша ауыр емес қылмыстар тіркелген.

Қылмыстардың ауыр түрлерін ашу облыс бойынша 68,6% құрады, бұл ретте орташа республикалық көрсеткіш – 71,5%. Аса ауыр қылмыс түрлерін ашу көрсеткіші – 100%-ды құрады, бұл ретте орташа республикалық көрсеткіш – 98,3%.

Қылмыс белгілері бойынша тіркелген құқыққа сыйымсыз әрекеттер санының төмендеуі байқалуда. Негізінен, кісі өлтіру 27,3%-ға, қорқытып алу 35,7%-ға, тонау 11,1%-ға, бұзақылық 14,0%-ға, есірткі қылмысты 2,6 % төмендеген.

Дәстүрлі, қылмыстылық құрылымында ұрлық басым. Бұл кең таралған қылмыс түрі тек біздің облысымызда ғана емес, барлық республика бойынша орын алуда. Ағымдағы жылдың 8 айында облыс аумағында 366 (445) бөтеннің мүлкін ұрлау тіркелген, өндіріспен 320 (376) қылмыстық іс аяқталған.

 

 

[1] Бұл жерде және бұдан әрі жақшаның ішінде 2025 жылдың өткен кезеңіндегі көрсеткіштер көрсетілген.

Дата публикации
12 сентября 2026