
Шымкент қаласындағы Республика даңғылында түнгі сағат 02:00 шамасында алкогольдік масаң күйдегі ер адам жолдың жүріс бөлігіне шығып, айқайлап, агрессивті мінез-құлық танытқан.
Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері азаматты тыныштандыруға тырысқанымен, ол бағынбаған. Осыдан кейін ер адам ұсталып, уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді.
Аталған факті бойынша оған қатысты әкімшілік шара қолданылды.
Полиция ескертеді! Алкогольдік масаң күйде қоғамдық орындарда жүруге және қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеңіз. Мұндай әрекеттер үшін заңнамада әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Шымкент қаласы Полиция департаментінде жас қызметкерлердің салтанатты Ант қабылдау рәсімі өтті.
Іс-шараға департамент басшылығы мен ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты. Жас қызметкерлер Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, заңдылықты сақтауға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ант берді.
Рәсім барысында жас мамандарға қызметтік міндеттерін абыроймен атқару, халықтың сенімін ақтау және қызметтік тәртіпті сақтау қажеттігі айтылды.
Қала көшелерін патрульдеу барысында полиция қызметкерлері күдік тудырған Lada Priora автокөлігін байқаған.
Тәртіп сақшыларының тоқтау туралы заңды талабына бағынбаған жүргізуші қашып кетуге әрекеттенген, алайда полиция қызметкерлерімен ұсталды.
Көлік тізгінінде жүргізуші куәлігі жоқ 17 жастағы қала тұрғыны болғаны анықталды. Көлік құралын басқару құқығы жоқ бола тұра, полиция қызметкерінің автокөлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Құқық бұзушы жауапкершілікке тартылып, автокөлік айыптұраққа қойылды.
Полиция ескертеді: кез келген құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, кінәлі тұлғалар заңға сәйкес жауапқа тартылады.
Шымкент қаласының бес ауданында жалпықалалық түнгі рейд жұмыстары жүргізілді.
Рейдке Шымкент қаласы Полиция департаментінің, аудан әкімдіктерінің және Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында жүрген жағдайлары анықталды. Құқық бұзушылықтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Рейд нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті баптары бойынша:
• 127-1-бап – 1 хаттама;
• 132-бап – 9 хаттама;
• 442-баптың 1-бөлігі – 12 хаттама;
• 442-баптың 2-бөлігі – 54 хаттама;
• 442-баптың 3-бөлігі – 3 хаттама толтырылды.
Жалпықалалық рейд жұмыстары жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жалғасады.
Шымкент қаласында жыл басынан бері ортақ пайдаланылатын орындарды ластау және қоқысты белгіленбеген жерлерге тастау бойынша 2140 құқық бұзушылық анықталды.
Атап айтқанда, автокөлік терезесінен темекі тұқылын, пісте қабығын және өзге де тұрмыстық қалдықтарды жолға, жол жиегіне немесе қоғамдық орындарға тастау заң талаптарын бұзу болып саналады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Полиция азаматтарды тазалық сақтауға, қоқысты белгіленген орындарға тастауға және қоғамдық орындарға ұқыпты қарауға шақырады.
«Дәстүр мен дін үндестігі - ұлттық руханияттың негізі».
Іс шараның мақсаты: ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған имандылық пен адамгершілік, кішіпейілділік, сөйлеу мәнерін қалыптастыра отырып, салт-дәстүр арқылы оларды сыйластық пен қарым-қатынасқа, заң мен тәртіпке, көмек көрсету және бірлесе отырып ұжыммен әрекет ету құндылықтарымен байланыстыру.
Қазақтың жаңғыртуға болатын дәстүрлері.
• Көрісу — ізет пен бауырмалдық дәстүрі.
Адамдардың бір-бірімен амандасып, хал-жағдай сұрасып, өкпе-ренішті ұмытып, татулықты жаңғыртуы.
• Қандай құндылыққа үйретеді: кішіпейілділік, сыйластық, адамға құрмет көрсету.
• Қазіргі қолданысы: жас қызметкерлердің аға буынмен ізетті амандасуы, әріптестер арасындағы сыйластықты нығайту.
• Бітімгершілік — дауды ақылмен шешу дәстүрі.
• Қазақ қоғамында билердің тараптарды тыңдап, әділдікке, мәмілеге және татулыққа шақыруы.
• Қандай құндылыққа үйретеді: әділдік, сабыр, заңдылық, жауапкершілік.
• Қазіргі қолданысы: жанжалдың алдын-алу, азаматтарды мұқият тыңдау, даулы мәселелерді заң шеңберінде шешу. Дәстүрлі бітімгершілік қазіргі заң талаптарын алмастырмайды.
1. Кішіпейілділік пен ізет.
Ұстаным: «Қызметтік дәрежеңіз қандай болса да, адамға құрмет көрсету — міндетіңіз».
1. Заң мен тәртіп.
Ұстаным: «Әділдік — ел бірлігінің, тәртіп — қоғам қауіпсіздігінің негізі».
1. Көмек көрсету және жанашырлық.
Ұстаным: «Біреудің қиындығына бейжай қарамау — адамгершіліктің белгісі».
1. Бірге жұмылып күресу
Ұстаным: «Жеке күш істі бастайды, бірлік істі аяқтайды».
Іс-шараның негізі қазақтың дәстүрі — тек өткеннің мұрасы емес, бүгінгі қызметтік әдепті, заңға құрметті, адамгершілікті және ұжымдық бірлікті қалыптастыратын өмірлік тәрбие мектебі.
«Бірлік бар жерде — тірлік бар».
Шымкент қаласы, А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында А.С. Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясында профилактикалық кездесу өткізілді.
Аталған кездесуге Әл-Фараби АПБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б. Өмірбеков катысты
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру және мектеп ортасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Заңды құрметтеу – әр азаматтың міндеті!
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу – баршамызға ортақ міндет!
Аталған іс-шара аясында учаскелік полиция инспекторлары пробациялық бақылауда тұрған азаматтардың электронды бақылау білезіктерінің жұмыс істеу жағдайын тексеруде.
Тексеру барысында құрылғылардың техникалық жай-күйіне, дұрыс жұмыс істеуіне және азаматтардың белгіленген талаптарды сақтауына назар аударылады.
Сонымен қатар, бақылаудағы азаматтарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және қайта құқық бұзушылық жасаудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және пробациялық бақылаудың тиімділігін арттыру.
Қазіргі таңда Шымкент қаласы аумағында қоғамдық тазалықты сақтау мақсатында күнделікті «Таза қала» профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.
Шара барысында дронның көмегімен жол қозғалысына бақылау жасалып, көлік салонынан жол жиегіне қоқыс тастаған жолаушылар анықталып, шара көрілуде.
Сонымен қатар қоғамдық орындарды коммуналдық қалдықтарды тастамацларын ескерттік.
Осыған байланысты өз қаламыздың тазалығын сақтауға шақырамыз!
Бұл — кез келген уақытта қызметке дайын болу, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қиын сәтте көмекке келу және Отан алдындағы міндетке адал болу.
Бұл қызметтің артында — тәртіп, төзім, жауапкершілік және күн сайынғы қажырлы еңбек жатыр. Кейде көзге көріне бермейтін, бірақ қоғам үшін маңызы зор жұмыстар атқарылады.
Біз үшін форма — жай ғана киім емес. Ол — сенімнің, міндеттің және халық алдындағы жауапкершіліктің белгісі.
Біз қызмет етеміз. Біз қорғаймыз. Біз жауаптымыз.
Еңбегіміздің мәні — халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігінде.
Ел тыныштығы — ортақ міндет!