Ағымдағы жылдың 21 тамызында Шымкент қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында "Range Rover” автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында жүргізушінің сөмкесінен "Стражник" тапаншасы табылып, тәркіленіп алынды.
Жайт бойынша ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.