Иегова куәгерлерінің шіркеуінің жабылуын талап еткені бойынша

Иегова куәгерлерінің шіркеуінің жабылуын талап еткені бойынша
22.07.2020ж жергілікті «Оңтүстік» телеарнасында Иегова куәгерлерінің шіркеуінің жабылуын талап еткені бойынша ақпарат шыққан. Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерімен тексеру амалдары жүргізілді. Тексеру барысында материалда «пандемия ушыққан сәтте тегін дәрі-дәрмек таратып, соны пайдаланып ашықтан ашық түрде үгіт насихат жүргізіліп жатқан»-деген ақпарат бойынша нақты факт тіркелмеген. Бұған қоса, Полиция департаменті қызметкерлері тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар дәріні тарату жайттары немесе үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп жатқанына куәгер болған жағдайда Шымкент қаласы Полиция департаментінің 102 байланыс нөміріне хабарласу керек екендігі түсіндірілді.
Жоғарыда көрсетілген «Иегова куәгерлерінің Патшалық сарайы» діни бірлестік мекемесінің атқарып жүрген қызметтерін тексеру мақсатында Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасына арнайы құжаттар әзірленіп, жолданатын болады.