#Халықпенкерiбайланыс

#Халықпенкерiбайланыс
23.07.2020ж «Уақыт» порталында «Қайыр сұрау үшін осы жердің еденін жуғызады» атты мақаласы жарық көрген болатын. Аталған мақалада «Шымкент қаласы Полиция департаменті туннелдегі саудагерлердің қайыр сұрайтын әйелдерге айналаны сыпырып, сиырып жүру туралы тапсырма беруіне қатысты тиісті шаралар ұйымдастырғанын жөн деп санаймыз» - деп көрсеткен. Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерімен тексеру амалдары жүргізілді. Тексеру барысында аталған Шымкент қаласы Темірлан тас жолы «Бекжан» базарының алдында орналасқан жер асты өткелінде саудагерлермен кездесу ұйымдастырылып, онда олардың тазалық ережелерін сақтауын сұрап, егер де олардың тарапынан қандайда қоқыс тасталған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы ескертілді.
Бұған қоса, Полиция департаменті қызметкерлері тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жер асты өткелінде қайыр сұраушылар, үй-жайы жоқ адамдар анықталған жағдайда Шымкент қаласы Полиция департаментінің 102 байланыс нөміріне хабарласу керек екендігі түсіндірілді. Ол азаматтарға қудалау шарасы емес, керісінше мемлекет тарапынан арнайы бейімдеу орындарына үй-жайы жоқ азаматтарға көмек ретінде ұсынылатындығы түсіндірілді.
Полиция қызметкерлері тексеру кезінде жер асты өткелінде қайыр сұраушылар мен мекенжайы жоқ азаматтар анықталмады. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады.
Шымкент қаласы Полиция департаментiнiң Баспасөз қызметi