ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР БАДАМ ӨЗЕНІ ЖАҒАЛАУЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ

ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР БАДАМ ӨЗЕНІ ЖАҒАЛАУЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
ШЫМКЕНТТІК ПОЛИЦЕЙЛЕР БАДАМ ӨЗЕНІ ЖАҒАЛАУЫНДА ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Шымкент қаласы Абай ауданы аумағындағы «Бадам» өзені және «Қошқар ата» жағалауында тұрақты түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында екі мобильді топ жасақталған. Оның құрамында Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасы Жергілікті полиция және Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері бар. Мобильдік топтардың басты мақсаты аталған жерлерде карантин уақытысында адамдардың шомылуына шектеу қойылғандығын түсіндіру. Сонымен қатар аталған орындарда балық аулаушыларды анықтау бойынша республикалық «Таза Қазақстан» жедел профилактикасы да жүргізілді. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Айта кетейік, егер қаулы ережелерінің өрескел бұзылғаны анықталса ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабына сәйкес әкімшілік шара көру үшін аудандық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына анықталған жайт бойынша тиісті құжаттар жолданады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі